Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда 10 тұрғын үй салынуда

Қазалыда 10 тұрғын үй салынуда

Қазалы ауданы Әйтеке би кентінен 1 қабатты 4 пәтерлі 10 жалдамалы тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында қаржы бөлінген. Жобада бір үйде 4 пәтер, 10 үй, барлығы 40 пәтер қаралған. Жалпы ауданы 2284,6 шаршы метр. Әр пәтер екі және үш бөлмелі.

Жалпы, кентте 2017 жылы 18 пәтерлік 5 тұрғын үйдің құрылысы басталып, өткен жылы халық игілігіне берілді. Биыл тағы 1 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 18 отбасы баспанамен қамтамасыз етілді. Яғни, 2019 жылы 5 арендалық тұрғын үй 31 көпбалалы отбасыға, оның ішінде 18-і ата-ана қамқорлығынан айырылған және жетім балаға, 31-і әлеуметтік осал топқа, 10-ы апаттық деп танылған тұрғын үйлері бар азаматқа, ал биыл 4-і көпбалалы отбасыға, 5-і ата-ана қамқорлығынан айырылған, жетім балаға, 4-і әлеуметтік осал топқа, 5-і бюджеттік сала қызметкеріне беріледі.

Сондай-ақ, Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентінде 2 қабатты 12 тұрғын үй құрылысы салынады. Қазіргі таңда тұрғын үйдің жоба-сметалық құжаттары әзірленуде.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
07 желтоқсан 2020 ж. 1 825 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031