Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда көп қабатты тұрғын үй құрылысы басталады

Қазалыда көп қабатты тұрғын үй құрылысы басталады

Биыл Қазалы ауданында 4 млрд-тан астам қаржының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Әйтеке би кентіндегі №216 мектепке қосымша құрылыстар салу жұмысы, Бірлік, Лахалы, Майдакөл, Шилі, Шәкен елді мекендеріндегі 5 апаттық жағдайдағы мектептер мен Жалаңтөс батыр ауылынан 150 орындық ауылдық клуб құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Жанқожа батыр ауылынан 50 млн. теңгеге спорт кешені салынуда. Келер жылы пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, өткен жылы басталған Әйтеке би кентіндегі 150 төсектік орталық аудандық аурухана он күннен соң Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында пайдалануға берілетін болады.
Келер 2018 жылы да бірқатар құрылыстарды бастау жоспарланып отыр. Әйтеке би кентінен 600 орындық мәдениет үйі мен аудан әкімдігінің ғимаратын бастауға 400 млн теңге қаржы мәселесі шешілді.
Бұдан басқа, жаңа тұрғын үй аймақтарын инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге 300,0 млн. теңгенің жобасы қолдау тапты. Сондай-ақ, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына сәйкес Әйтеке би кентінен 18 пәтерлік 6 жалдамалы көп қабатты тұрғын үй құрылысын салу жобасы әзірленді. Құрылыс жұмыстары жүргізіліп, ел игілігіне келер жылы беріледі.
05 желтоқсан 2017 ж. 3 762 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 148

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 164

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 175

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 166

Жылан жылындағы жақсы істер

31 желтоқсан 2025 ж. 139

Жылқы жылынан не күтеміз?

31 желтоқсан 2025 ж. 177

365 күндегі 100-ші басылым

31 желтоқсан 2025 ж. 138

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031