Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда алғыс Алғыс айту күні аталып өтілді

Қазалыда алғыс Алғыс айту күні аталып өтілді

Қасиетті Қазалы ауданында қазақ халқымен бірге орыс, кәріс, неміс, татар, өзбек, украин, қырғыз, молдаван, башқұрт, түрікмен, грек, беларус, поляк сынды 13 ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.
Кеше 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Қазалы қаласында мерекелік салтанатты кеш өтті. Қалалық мәдениет үйінде кітап көрмесі және түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдары мен аспаптар көрмесі ұйымдастырылып, көпшілік назарына ұсынылды.
Мерекелік шара ұлттар достығын бейнелейтін көрініспен басталды. Қала халқын айтулы мерекемен құттықтаған аудан әкімі Мұрат Ергешбаев мерекенің маңыздылығына тоқталды.
– Алғыс айту күні – бұл, тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі, – деген Мұрат Нәлхожаұлы ауданымыздың өсіп-өркендеуі жолында әрбір қазалылықтың үлесі бар екендігін жеткізіп, барша тұрғындарға мың алғыс білдірді.
Шара барысында Қазалыны мекен еткен ұлт өкілдері қазақ халқына деген шынайы ықыластарын білдіріп, рахмет айтты. Мереке концерттік бағдарламаға ұласты.
Алғыс айту күніне байланысты өткен шараны республикалық «Хабар 24» телеарнасының журналистері тікелей эфирде көрсетіп, өзге ұлт өкілдерімен сұхбаттасты.
"Қазалы" ақпарат
01 наурыз 2020 ж. 2 003 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930