Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көмірді қайдан алуға болады?

Көмірді қайдан алуға болады?

Аудан бойынша алдағы жылу беру маусымына барлығы 29000 тонна қатты отын қажеттілігі жоспарланған. Тамыз айында ауданымызға 36 вагон /2520 тонна/ қатты отын жеткізілді. Сонымен қатар, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ ҰҚ МК-ның Қызылорда бөлімі Қазалы бөлімшесінің /товарный контора/ ақпаратына сәйкес қыркүйек айында 38 вагон/2660 тонна/ көмір жеткізілді, айдың аяғына дейін 20 вагон /1400 тонна/ көмір күтілуде.
Бүгінгі күнде аудан бойынша ЖК «Жалмағанбетова З», ЖК «Мархабат», «Тоғыс-Арал Отын» ЖШС, «Қазалы Отын» ЖШС, «Тэк-Қазақстан», «Қазалы-Тұлпар» қатты отын өткізумен айналысуда.
Ауданымыздағы тас көмірдің сатылымдағы бағасы-12500 тг, ал ағаш көмір-16500 теңгені құрап отыр.
Бүгінгі күні теміржол тұйықтарында 5180 тонна қатты отын қоры жинақталып, аудан тұрғындарына еркін таратылуда. Басқада сұрақтар бойынша мына тел. 21-0-10 арқылы қоңырау шалып біле аласыздар.
"Қазалы" ақпарат
17 қыркүйек 2019 ж. 1 728 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 95

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930