Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда көмір жеткілікті ме?

Қазалыда көмір жеткілікті ме?

2018-2019 жылдардағы жылу беру маусымына аудан тұрғындары үшін 40 000 тонна қатты отын қажеттілігі жоспарланды. Бүгінгі күнге барлығы 6 930 тонна (99 вагон) көмір жеткізіліп, таратылуда. Сондай-ақ, айдың аяғына дейін 1 700 тонна (25 вагон) қатты отын келеді деп күтілуде.
Бүгінгі күнге аудан бойынша ЖК «Жалмағамбетова» және «Қазалы Отын» ЖШС тұрғындарға көмір таратуда. Сатылымдағы тас көмірдің бағасы – 12 500 теңгені құрап отыр. 
Қатты отын бағасын реттеу және тапшылық болдырмау мақсатында көмір тасымалдаушы кәсіпкерлер аудан әкімінің орынбасарының қабылдауында болып, қатты отынның бағасын негізсіз өсірмеу және үздіксіз жеткізілуі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 
Бүгінгі күні теміржол тұйықтарында 1 800 тоннаға жуық көмір қоры жинақталып, аудан тұрғындарына еркін таратылуда. Қатты отын тапшылығы жоқ.

Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі
23 қыркүйек 2018 ж. 1 936 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930