Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қысқа дайындық қалай?

Қысқа дайындық қалай?

Жылу беру маусымы да таяп қалды. Оған дайындық барысы қалай жүруде? Жергілікті билік пен тиісті мекемелер қыстың қамын жазда ойластырды ма? Былтырғыдай қатты отын тапшылығы орын алмай ма? Міне, осы мәселелерді саралап көрелік.
Қазір қыркүйек айы болғасын аудан тұрғындары отын-көмірдің әуресімен жүр. Бәрінің көкейінде өткен жылғыдай көмір жетіспей қалар ма екен деген алаңдаушылық бары рас. Бірақ мамандар биыл көмір тапшылығы болмайтындығын айтады.
Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, 2018-2019 жылдардағы жылу беру маусымына аудан тұрғындары үшін 40 000 тонна қатты отын қажеттілігі жоспарланған. Қазірдің өзінде барлығы 6 930 тонна (99 вагон) көмір жеткізіліп, таратылып жатыр. Сондай-ақ, айдың аяғына дейін 1 700 тонна (25 вагон) қатты отын келеді деп күтілуде. Бүгінгі күнге аудан бойынша «Жалмағамбетова» ЖК және «Қазалы Отын» ЖШС тұрғындарға көмір таратуда. Сатылымдағы тас көмірдің бағасы – 12 500 теңгені құрап отыр. Құзырлылар бүгінгі күні теміржол тұйықтарында 1 800 тоннаға жуық көмір қоры жинақталып, аудан тұрғындарына еркін таратылып жатқанын және отын тапшылығы жоқ деп хабарлайды.
Қатты отын жеткілікті дейік, бірақ тағы бір мәселе туындап отыр, ол – көмір бағасының қымбаттауы. Мұның себебін кәсіпкерлер кен орындары көмірдің бағасын өсіргенімен байланыстырады. Сондай-ақ, тұтынушыларға түбіртек бермей, қолдан қымбатшылық жасайтын кәсіпкерлер де жоқ емес. Осындай келеңсіз жайттарды болдырмау үшін жақында аудандағы мемлекеттік кірістер басқармасы аудан әкімдігімен бірігіп, отын жеткізуші кәсіпкерлерге тексеріс жүргізген.
– Аудан бюджетінің салық базасын ұлғайту мәселелері бойынша өткен жиында Әйтеке би кенті Михайлюк көшесіндегі теміржол тұйығына тексеру жүргізілгені айтылды. Тексеру барысында кәсіпкердің бақылау-кассалық машинасын тіркегені, бірақ қазір техникалық ақауға байланысты қолма-қол ақшаны есепке алу және тауар түбіртектерінің кітабын жүргізіп отырғаны анықталды. Сонымен қатар, тағы бір серіктестіктің бақылау-кассалық машинасын тіркеместен қолма-қол сауда жасағаны расталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді басқарма басшысы Фердоуси Қожабергенов.
Сонымен қатар, ол бұл жұмыстардың қара отын бағасының тұрақты болуы үшін жасалынып жатқанын айтып өтті. Бұдан бөлек, аудан әкімі орынбасарлары көмір тасымалдаушы кәсіпкерлерді қабылдап, қатты отынның бағасын негізсіз өсірмеу және үздіксіз жеткізілуі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізген.
Ал үйін көгілдір отынмен жылытып отырғандарға да тоқтала кетейік. Кентте 3 газ тарату бекеті, 42 шкаф және бір газ шығынын есептеу бекеті жұмыс істейді. Олардың барлығының техникалық жарамдылығы тексерілген жылу маусымына толық дайын тұр. Бұл туралы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалына қарасты Әйтеке би газ шаруашылығының директоры Нұрлан Бозғұлов мәлімдеді.
“Бүгінгі таңда кент бойынша 5387 тұрғын үй мен 161 мекемеге газ тартылған. Жылу беру маусымына дайындығымыз пысықталды. Алайда, тұтынушылардың уақытылы төлем жасамауы бізді алаңдатып отыр. Мәселен, мекемеге 1961 тұрғын үй 7467002 теңге қарыз болса, “Мирас” балабақшасы 181918 теңге, “Толыбай” кәсіпкерлігі 5815 теңге берешек. Келесі айдың ортасына дейін газге қарыз абоненттерді газ желісінен ажырату жұмыстарын жүргізетін боламыз. Тұрғындар осыны ескерсе екен”, – дейді ол.
Келтірілген мәліметтерге сенсек, биыл көмір тапшылығы да, газ аппараттарында ақаулар да болмайды. Тұрғындар жылу ошақтарын сайлап, қауіпсіздік шараларына мән берсе болғаны.

Ринат ҚАЙРАТҰЛЫ
25 қыркүйек 2018 ж. 2 229 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930