Қызылордада жоғалған бала табылды
Қызылорда қаласында жоғалған баланы полицейлер тауып, анасына аман-есен тапсырды. Кәмелетке толмаған бала кеше белгісіз бағытқа үйінен шығып, қайтып оралмаған.– Жоғалған баланы іздеу үшін Қызылорда қалалық Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің жеке құрамы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері барлық полиция учаскелеріне бағыт-бағдар беріп, адамдар көп жиналатын орындарды, шатырлар мен қараусыз қалған ғимараттарды тексерді. Полицейлермен жүргізілген іздестіру жұмыстары барысында жоғалған бала қала орталығынан табылып, аман-есен үйіне оралды. Бүгінгі таңда баланың анасымен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде, – дейді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
syrboyi.kz














