Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 17 млн теңгесін қайда жасырғанын ұмытып қалған

17 млн теңгесін қайда жасырғанын ұмытып қалған

Оралдық тұрғынның «жоғалған» 17 млн теңгесін полиция қызметкері тауып берді.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 20 мамыр күні болды. Оралдық тұрғын сағат 16.30-да 102 телефонына хабарласып, үйінде сақтап қойған 17 млн теңгесінің жоғалып кеткенін айтады. Оқиға орнына келген Орал қаласы полиция басқармасының тәжірибелі қызметкерлерінен құралған жедел тергеу тобы ақшаны іздеуге кіріседі. Техник-криминалист, полиция сержанты Ғайнеден Ғұмаров әжетханаға кіріп, мұқият қараған кезде пакетті көзі шалады. Сонда оралдық тұрғынның 2006 жылдан бері үй аламын деп жинаған қаржысы салынған екен. Кейін мәлім болғанындай, оралдық тұрғын ақшасын қайда жасырғанын ұмытып қалған. Содан кейін оны ұрланып кетті деп ойлап, полицияға хабар берген. Айта кетейік, Ғ.Ғұмаров полиция сапына 2008 жылы кірген. Аталған қызметін 2016 жылдың қарашасынан бері атқарып келеді.

22 мамыр 2019 ж. 993 0

Тиісіп қоймады ғой

15 сәуір 2024 ж. 84

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930