Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастармен сыр-сұхбат

Жастармен сыр-сұхбат

Аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Жыр – жауһар» жас ақын-жазушылардың әдеби клубы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетінің ІІІ курс студенті Бақытжан Қаһар және тарих факультетінің ІІІ курс студенті Рамазан Әбілдоспен «Жастар және жарқын болашақ» атты тақырыпта сыр-сұхбат өткізілді.

Шара барысында тіл маманы, болашақ журналист Б.Қаһар тарихшы Р.Әбілдос кештің көңілді өтуіне атсалысты. Бірі жүректен шыққан жырын жеткізіп, көркем дүниенің көркін келтірсе, екіншісі тарихтан сыр шертіп, өз өлкеміздің өткені мен бүгіні туралы әңгімеледі. Жас­тар қауымының атқарып жатқан істеріне дән риза екендерін жеткізді. Жастар жас шыбық сияқты. Қалай исең солай қисаюға әзір. Сол себепті жастардың ойын да, бойын да түзу өсіру – басты парыз. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры екендігін мақтанышпен айтты.

«Жастар – болашаққа апаратын алтын көпір» дейді дана қазақ. Олай болса, жастар айқын мақсатпен жігерленіп, тек қана алға ұмтылуы қажет. Осындайда, белгілі ақын М.Жұмабаевтың «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты, мен жастарға сенемін!» – деген өршіл намысты, биік рухты сөзі еске оралады.

Сыр-сұхбатты оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Зоя Мұстафаева қорытындылап, Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің музыка жетекшісі Жандос Әбдіғаппаровқа және студент жастарға, жас жырау Кеңес Ердәулетовке, Қ.Сәтбаев атындағы №216 орта мектептің оқушысы, жас ақын Нұрболат Төлешке ризашылығын білдіріп, «Қазалы» жинағын сыйлады.
Ақгүл СЕРІКҚЫЗЫ
25 маусым 2019 ж. 3 401 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031