Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) (бұдан әрі-Департамент) басшысының 13.04.2020 жылғы №13 бұйрығымен бекітілген  "Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына (бұдан әрі-Қағида) сай, Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі және оның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалаларда және астананың аумақтық бөлімшелері мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Қағида бойынша қолданылатын негізгі ұғым, ол - апостиль.
Апостиль - құжатқа қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы қағаз немесе электрондық нысандағы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібіне тоқталатын болсақ,  мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар   көрсетілетін қызметті берушіге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ арқылы қағаз тасығышта не "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz   арқылы электронды түрде, не Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігінің  кеңсесі арқылы   осы қағиданың  2-қосымшасына   сәйкес нысан бойынша апостиль қоюға өтінішті осы Қағидаларға  1-қосымшасына    сәйкес "Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет Тізбесінің  9-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижелерін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбеде  берілген.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 9-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, осы Қағидалардың  3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада орналасқан Мемлекеттік корпорация филиалдары бөлімінің қызметкері құжаттар келіп түскен күні құжаттарды дайындауды жүзеге асырады және оларды көрсетілетін қызметті берушіге жіберу үшін Мемлекеттік корпорацияның курьеріне береді. Егер Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдері басқа елді мекендерде орналасқан жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның жинақтаушы секторының қызметкері (маманы) құжаттар келіп түскен күні оларды дайындауды жүзеге асырады және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге қағаз түрінде Мемлекеттік корпорацияның курьері не пошта байланысы арқылы жіберуді 2 (екі) жұмыс күні ішінде қамтамасыз етеді.
 Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығын және ресми құжаттың түпнұсқалығын тексереді, құжаттарды оң қарау нәтижелері бойынша портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" апостиль қою үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну туралы хабарламаны жібереді, ал құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы түскен жағдайда апостиль қояды не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындауды жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы белгіленген уақытта ресми құжаттың түпнұсқасын ұсынғаннан кейін құжатқа қол қою және мөр қою арқылы апостиль қояды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді. Құжаттар Мемлекеттік корпорацияның филиалы немесе Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы түскен жағдайда, нәтижелер Мемлекеттік корпорацияның филиалына немесе Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жіберіледі.  
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган  жүргізеді.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Махамбетали Бекқожа
Қазалы аудандық соты әкімшісінің басшысы
25 қыркүйек 2024 ж. 382 0

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 54

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 65

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031