Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құжатқа апостиль қою тәртібі

Құжатқа апостиль қою тәртібі

"Апостиль" мөртабанын қою 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына қосылған. Консулдық заңдастыру талаптарының күшін жоятын және жеңілдетілген заңдастыру рәсімін енгізетін елдерге құжаттар жолдау кезінде "апостиль" мөртабанын қою қолданылатыны туралы айтылды.
Құжаттарды апостильдеу Гаага Конвенциясына қатысушы елдердің аумағында әрекет етуге арналған құжаттарды тиісті ресімдеу және түпнұсқалығы кепілдігін қамтамасыз ету мақсатымен жүргізіледі. Егер құжатты дайындаған ел Гаага конвенциясына қатыспаса, оны консулдық заңдастыру қажет болады. Күрделі рәсім құжатты ҚР Әділет министрлігінде, ҚР СІМ органдарында, бұдан кейін ҚР баратын елдің консулдылығында куәландыруды талап етеді. Бұл жерде құжат консулдық белгісі бар елдің аумағында ғана заңды күшіне ие болады.
Елде сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаменті басшысының бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына негізделеді. Осы қағидаға сай "Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" жөніндегі мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті және оның облыстардағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы аумақтық органдары көрсетеді.
Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлім қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тексереді және қабылдайды Оларды келіп түскен күні тіркейді және тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және мерзімі өткен жағдайда оны қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан Мемлекеттік корпорация филиалдары бөлімінің қызметкері құжаттар келіп түскен күні оларды дайындауды жүзеге асырады. Егер Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдері басқа елді мекендерде орналасқан жағдайда Мемлекеттік корпорацияның жинақтаушы секторының қызметкері құжаттар келіп түскен күні дайындауды жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті берушіге қағаз түрінде Мемлекеттік корпорацияның курьері не пошта байланысы арқылы жіберуді екі жұмыс күні ішінде қамтамасыз етеді.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" сұрау салуды қарау мәртебесі туралы хабарлама жіберіледі. Құжаттар түскен күні көрсетілетін қызметті беруші оларды қабылдайды және тіркейді, мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне қарауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығын және ресми құжаттың түпнұсқалығын тексереді. Құжаттарды оң қарау нәтижелері бойынша портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" апостиль қою үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну туралы хабарламаны жібереді. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы белгіленген уақытта ресми құжаттың түпнұсқасын ұсынғаннан кейін құжатқа қол қою және мөр қою арқылы апостиль қояды. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді. Құжаттар Мемлекеттік корпорацияның филиалы немесе Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы түскен жағдайда, нәтижелер Мемлекеттік корпорацияның филиалына немесе Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жіберіледі.
Бекқожа МАХАМБЕТАЛИ,
Қазалы аудандық сотының кеңсе меңгерушісі
29 маусым 2021 ж. 458 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 63

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 57

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930