Ресми құжаттарға апостиль қою мемлекеттік қызметі

12 қазан 2017 жылы Мемлекеттік қызмет тізіліміне енгізілген өзгерістерге сәйкес «Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшілігі» РММ-сі «Сот органдарынан шыққан ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша құжаттарды қабылдауға және беруге уәкілетті. Құжаттарды апостильдеуге өтінім түскеннен кейін сот әкімшісінің жауапты қызметкері сот органдарынан шыққан ресми құжаттың шынайылылғын, қол қоюшының қолының сәйкестігін, соттың мөртабанының түпнұсқаға сәйкестігін, арнайы үлгілерге қарап, тексереді.
Осы мемлекеттік қызмет түрін пайдалану үшін төмендегі құжаттар қажет: арнайы үлгідегі арыз; жеке басыңызды куәландыратын құжат көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқамен қоса ұсыну қажет); апостильдеуге тиіс сот органдарынан шыққан ресми құжат; мемлекеттік қызмет пайдаланушы үшінші тұлға болған жағдайда арнайы ностариуспен куәландырылған сенімхат; қызмет пайдаланушының тегі, аты немесе әкесінің аты ауыстырылған жағдайда оны куәландыратын құжат көшірмесі (түпнұсқа тексеру жасау үшін табысталады); мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек.
Сот органдарынан шыққан ресми құжаттарды апостильдеу үшін алынатын мемлекеттік баж туралы деректер:
Стандарттардың 7 тармағына сәйкес қызмет ақылы. Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 615 бабының 7 тармағына сәйкес, әр апостильденетін құжат үшін, айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызы мөлшерінде баж салығы төленуі тиіс.
Алушы: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі
БСН: – 090440021657
КБК: 108 126
КНП: 3310
Төлем атауы – апостиль қою үшін төленетін мемлекеттік баж салығы.
Сот органдарынан шыққан ресми құжаттарды апостильдеу бойынша қосымша ақпаратты 8 (7242) 55-12-22 телефон нөмірі бойынша алуға болады.
Б.МАХАМБЕТАЛИ,
Қазалы аудандық сотының кеңсе меңгерушісі.