Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою
"Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" жөніндегі мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) және оның облыстардағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы аумақтық органдары көрсетеді.
Қағида бойынша қолданылатын негізгі ұғымдар бар, олар:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
2) апостиль - құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкiлеттiктерiн, сондай-ақ осы құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібіне тоқталатын болсақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар көрсетілетін қызметті берушіге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ арқылы қағаз тасығышта не "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz арқылы электронды түрде, не Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) кеңсесі арқылы осы қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша апостиль қоюға өтінішті осы Қағидаларға 1-қосымшасына сәйкес "Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижелерін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Стандартта берілген.
Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлім қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тексереді және қабылдайды, оларды келіп түскен күні тіркейді және тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, осы Қағидалардың 3- қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. Облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан Мемлекеттік корпорация филиалдары бөлімінің қызметкері құжаттар келіп түскен күні құжаттарды дайындауды жүзеге асырады және оларды көрсетілетін қызметті берушіге жіберу үшін Мемлекеттік корпорацияның курьеріне береді. Егер Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдері басқа елді мекендерде орналасқан жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның жинақтаушы секторының қызметкері (маманы) құжаттар келіп түскен күні оларды дайындауды жүзеге асырады және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге қағаз түрінде Мемлекеттік корпорацияның курьері не пошта байланысы арқылы жіберуді 2 (екі) жұмыс күні ішінде қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығын және ресми құжаттың түпнұсқалығын тексереді, құжаттарды оң қарау нәтижелері бойынша портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" апостиль қою үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну туралы хабарламаны жібереді, ал құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы түскен жағдайда апостиль қояды не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындауды жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы белгіленген уақытта ресми құжаттың түпнұсқасын ұсынғаннан кейін құжатқа қол қою және мөр қою арқылы апостиль қояды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді. Құжаттар Мемлекеттік корпорацияның филиалы немесе Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері арқылы түскен жағдайда, нәтижелер Мемлекеттік корпорацияның филиалына немесе Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жіберіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметтіберуші басшысының атына, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
Гүлнұр БАЙМАХАНОВА,
Қазалы аудандық сотының бас маманы
Қазалы аудандық сотының бас маманы