Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шылқыған шалшық, наразы халық

Шылқыған шалшық, наразы халық

Қазалыда жақында үсті-үстіне жауған қар ұзаққа сақталады деген үмітіміз қате болды. Күн күрт жылып, аппақ ұлпа бір мезетте еріп кетті. Ал еріген қар соңы біздің көшелерді кішігірім шалшыққа айналдырады. Бұл жыл сайын қайталанатын күрмеулі түйін.

Сала маманының мәлімдеуінше, оны шешу үшін ауданға жуырда қажетті техникалар: 2 трактор, 1 ассенизатор, 1 қоқыс шығаратын көлік алынды деп малақайымызды аспанға лақтыра сүйінші сұраған едік. Бәріміз "Әп, бәрекелді!" дестік. Дер уақытында жиналған лай су тартылып, келеңсіздік жойылады деп ойладық, әрі сенім арттық. Алайда "Баяғы жартас, сол жартастың" кері. Еш өзгеріс көрмедік. Тіпті халық наразылығы да күшейіп кетті.
Олардың айтуынша, ассенизаторды тізгіндегендер көл болған шалшықтың шетін ғана тартып жатқанын суретке түсіріп, қалған бөлігін солайымен қалдырады екен. Мұндай жайтты бірнеше рет байқадық деген таңғалысын жасырмай жеткізуде. Шынымен көше бойы толған суды күн-түн демей, бірнеше мәрте қатынап, тасығанның өзінде тауысуға болар еді. Алайда "Бақылаудың жоқтығы ма, әлде тапсырма берілмеуде ме?" деген сауалдар тұрғындардың санасында ой туғызуда.  
Жан-жаққа таралған лай аралас су негізгі көшелер: Счастнов, Желтоқсан, орталық базар маңы, Құрманғазы мен Жетес би, Қазыбек би мен Ш.Айманов, Қазыбек би мен Құрманғазы көшелері тоғысқан жерлер жылда көктем мен күз айларында және жаңбыр құйған шақта жиналған судан ол жермен өту мүмкін емес. Сонымен қатар "Несібелі" мен "Нұрмаш ата" сауда үйлерінің алды және А.Байтұрсынов пен "Мелиоратор" ықшам ауданы маңайы балшық аралас суға толы. Тізе берсең, осындай жағдайы қашқан көшелер көптеп кездеседі.
– Біздің тұрғылықты жеріміз Счастнов мөлтек ауданында орналасқан. Міне бірнеше уақыттан бері ауламыз бен үйіміздің жан-жағы шылқыған батпақ аралас су. Түн ортасы мен күндіз тысқа шығу мұң. Себебі ми батпақтан аяқ алғызбайды. Балаларымыз құлап, киімдерін бүлдіріп келеді. Әркез осы мәселе көтерілсе де, түбегейлі шешусіз қалады. Онымен қоса, мына жанымыздағы Жанқожа батыр атындағы №70 мектеп маңы тіптен сұмдық. Мұғалімдер мен балаларға обал-ақ. Ол жерден оларға әрлі-берлі өту қиындық туғызады. Неліктен осыны қолға алмайды деген сауалға жауап әлі таппадық, – дейді Әйтеке би кентінің тұрғыны Саяш Әбдіқадырова.
Бұл жөнінде ақпарат алу үшін Әйтеке би кенті әкімінің орынбасары Мұхтар Бисенбаевқа хабарластық. Оның айтуынша, жоғарыда аталған басты көше Счастновтан су тартылып, әлеуметтік желіге жарияланған.
Бірақ бізге назын білдірген тұрғынның өзі толықтай тартылмағанын келтіреді. Сонда көзді алдау үшін ғана сәл тартылған жұмыс барысын ғана нысанаға алып, әлеуметтік желіге жариялана ма? Неліктен жылдағы туындаған мәселеге шешім табылмай тұр? "Өткен аптада қар молынан күнара жауғанда көшені тазалау жұмыстары кемшін болды. Жолда көліктер тайғақтап, қауіпсіз жүру мүмкін болмады. Ал Қазалы қаласында бұл жұмыстар таң атысымен жүргізілгендігін тұрғындары мақтанышпен айтты. Бізде неге мұндай істерде ерте қимылдамайды? Бұндай жағдай ілуде біреу болғанның өзінде алдын алу жұмыстары жоспарланбай ма? Себебі ауа райының қай кезде құбылып, тосын сый ұсынатынын болжау мүмкін емес. Осындай күтпеген сәттерден шығу жолдарын ойластыруға бюджеттен қаржы бөлінбей ме? Кеңесу, ақылдасу жиындары өткізілмей ме? Нақты қорытынды көрмедік дегенге саяды" Әйтеке би кенті тұрғындары.  
– Жоспарымыз осы жылға бекітілді. Әйтеке би көшесіне толықтай жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Арықтар қайта тазаланып, жаңадан да қазу жұмыстарын қолға алмақпыз. Бұрынғы бар арықтарды тұрғындар үй саларда жерді биіктету кезінде көміп тастағандары да кездеседі. Әйтеке би кентінің орталықтағы көшелері судан тазартылды. Енді теміржолдың арғы жағындағы №5 ықшам аудандағы Құрманғазы мен Жетес би, Қазыбек би мен Ш.Айманов, Қазыбек би мен Құрманғазы көшелері тоғысқан жерлердегі лай суды тарту қолға алынады. Ал Счастнов маңын тағы бір мәрте тазалауға мән береміз, – деп нықтады Әйтеке би кенті әкімінің орынбасары.
Шаһар басшысының орынбасары сөзінше, жыл басында кент көлемінде көше келбетіндегі келеңсіздіктерді реттейтін мекемеге байқау жарияланады. Екі ай ішінде жеңімпаз анықталғанша, Әйтеке би кентінің әкімдігі шаһардағы барлық көшелерде орын алған кедергілерді жоюға күш салады.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
10 ақпан 2024 ж. 542 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 69

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930