Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Партиялық бақылау жұмыстары жалғасуда

Партиялық бақылау жұмыстары жалғасуда

Бүгін «AMANAT»-тың Қазалы аудандық филиалына қарасты Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әділбек Сарабеков пен комиссия мүшесі, партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев Абай ауылындағы орамішілік газ желілерін жүргізу жұмыстарын көрді.
Жоба құны – 357,735 млн.теңге болатын құрылысқа жауапты мердігер – «Ремстрой» ЖШС. Жалпы ұзындығы 15,090 шақырымды құрайтын газ құбыры арқылы 193 тұрғын үй және 8 әлеуметтік нысан «көгілдір отынға» қосылмақ.

Мұнан соң аманаттықтар партияның сайлауалды бағдарламасы шеңберінде салынып жатқан амбулатория құрылысына арнайы барды. Мердігер мекеме өкілімен нысанды аралап, жасалып жатқан жұмыстарды бақылады.

Бүгінгі күнге ішкі әрлеу, ішкі есіктерін орнату, инженерлік жүйелерін жүргізу, еден орнату және сыртқы абаттандыру сияқты жұмыстар атқарылуда.

#AMANAT
"ҚАЗАЛЫ"ақпарат
16 қараша 2023 ж. 487 0

Қазалының Балтабайы еді

31 қаңтар 2026 ж. 116

ЖИ: қауіп пе, құрал ма?

31 қаңтар 2026 ж. 137

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031