Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сапалы ас - саулық кепілі

Сапалы ас - саулық кепілі

Былтырдан бастап бастауыш сыныпта білім алатын балалардың барлығына мектептен тегін ыстық ас беріліп келеді. Содан бері бүлдіршіндерге берілетін ас-ауқаттың талапқа сай, сапалы әрі құнарлы болуы күн тәртібінен түскен емес. Бүгін аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов бірқатар мектептің қауіпсіздік шараларын пысықтап, ыстық ас сапасына бақылау жасап қайтты.
Ә. Оңдасынұлы жауапты тұлғаларға мектеп асханасындағы ас мәзірінің орындалуын қатаң тапсырды. Қоймадағы жеміс-жидекті күніге сұрыптап, азық-түліктің жарамдылық мерзіміне жіті назар аудару керек екенін еске салды. Бұдан бөлек, ас-үйдегі тазалыққа салмақты қарауды, балалар ауқатын мед-қызметкер алдымен тексеру керегін қадап айтты. Сонымен қатар бірқатар балабақша мен мектепте ыстық тамаққа қатысты орын алған олқылықтардың орнын толтыруды тапсырды.
Еске сала кетейік, ауданда 1-4 сыныпта оқитын 6717 балақай ыстық тамақпен қамтылған. Сонымен бірге, 5-11 сыныпта білім алатын әлеуметтік жағдайы төмен 1800-ден астам оқушыға мектепте бір мезгіл ас беріледі.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
21 қыркүйек 2023 ж. 111 0

Музей – тұнған тарих

18 мамыр 2024 ж. 97

Бегім ана берген сый

18 мамыр 2024 ж. 147

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031