Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құлыншақтарға қамқорлық

Құлыншақтарға қамқорлық

Қазақ жұрты бағзы заманнан баладан ештеңе аямайды. Олардың саналы, абыройлы азамат болып қалыптасуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасына сәкес, Оқу-ағарту министрлігі баланың лайықты жағдайда білім алуына жаңашыл қолдау жұмыстарын үйлестіріп келеді. Осы міндеттің инерциясымен бұған дейін әлеуметтік жағдайы төмен әрі аз қамтылған отбасылар мектеп қабырғасында ыстық тамақпен қамтылып келсе, кеше ғана бастау алған үшінші оқу тоқсанынан бастап барлық бастауыш сынып оқушылары асханада бас қосып жүр.
Аудандағы 37 мектепке жергілікті 8 кәсіпкер оқушыларға сапалы ыстық ас, дәруменге бай тағамдар ұсынып келгені белгілі. Мұндай игілікті 3500-ге жуық шәкірт көріп келді. Әлгінде айтып өткендей, Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында 9 қаңтардан бастап аудандағы 1-4 сыныптағы 7122 оқушы үзіліс арасында ауқаттанатын болады.
– «Аш бала тоқ баламен ойнамайды» – деп қазақ бекер айтпаса керек. Бүгінде Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасына сәйкес, балғын көңіл – бастауыш сынып балалары мектеп асханасынан толығымен тегін тамақтанатын болды. Асханадағы санитарлық талап, тағамның құнарлылығы тиісті мамандардың үнемі бақылауында болады.
Кез келген жанға байқала қоймауы мүмкін, бірақ бұл кішкентайлардың оқуға, жаңашылдыққа үйренуге деген ынтасын еселейді. «Баланың «шаршадым» дегеніне емес, «қарным ашты» дегеніне сен» деген тәмсілдің де тереңінде ұзақ жылғы тәжірибе, тексерілген ақиқат жатқаны анық. Мемлекет балалардың тек оқу-білімге ден қойып, тәрбиелі тұлға болып қалыптасуына бар жағдайды жасауға тырысып отырғанын осындайда байқаймыз. Бұл іске бәріміз шын ынтамен, білек сыбана кірісуіміз керек, – дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов.
Еске сала кетейік, орта білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті, мектеп әкімшілігі өкілдерінің, білім беру ұйымының медициналық пункті қызметкерінің қатысуымен ас сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрылған және комиссияның төрағасы орта білім беру ұйымының басшысы болып бекітілген.
Р. ҚАЙРАТҰЛЫ
14 қаңтар 2023 ж. 440 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 74

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930