Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызмет – мінсіз міндет

Мемлекеттік қызмет – мінсіз міндет

Өткен аптада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлері Қазалы ауданы активімен кездесті. Кездесу­ге бөлім басшылары, Әйтеке би кенті, Қазалы қаласының әкімдері, мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері қатысты.
Басқосуда алдымен агенттіктің Қызылорда облысы бойынша депар­таментінің мемлекеттік қызмет бас­қармасының басшысы Еркебұлан Сарымбетов мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарына жалпы түсіндірме берсе, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Қуаныш Әбілдаев мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау және әдеп нормаларына қатысты хабарлама жасады. Ал, сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Нұғыман Жакудаев сыбайлас жемқорлық профилактикасының жай-күйі туралы, мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Марал Байқуатова мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөнінде жан-жақты айтып берді.
Кездесуді қорытындылаған аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрғиса Жалғасбаев Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына қосу үшін өз міндеттерімізді абыроймен атқарып, маңызды іске біркісідей атсалысуымыз қажеттігіне тоқталды.

* * *
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің қатысуымен Қазалы аудандық қоғамдық кеңес отырысы өткізілді.
Онда агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Марал Байқуатова Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы кейбір мәселелер туралы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Нұғыман Жакудаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын баяндады.
Сондай-ақ осы күні Әйтеке би кентінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңке кезінде аудан тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «Электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен олардың тиімділігі туралы кеңінен түсіндіріліп, ақпараттық-әдістемелік кө­мек­тер көрсетілді. 200-ге жуық азамат қатысқан жәрмеңкеде 80 бос жұмыс орны ұсынылды.
Ж.АЙЫМҚҰЛОВ
Ұ.ЕРБОЛҚЫЗЫ

22 мамыр 2018 ж. 2 317 0

Мен өмірді қалаймын

06 қараша 2024 ж. 49

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.
Атамның әңгімесі

Атамның әңгімесі

03 мамыр 2024 ж.
Кіндік шешеңіз кім?

Кіндік шешеңіз кім?

12 наурыз 2024 ж.
Көнеден қалған мұра

Көнеден қалған мұра

20 ақпан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930