Аудандық қоғамдық кеңес отырысы өткізілді

Кеңес отырысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Марал Байқуатова Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы кейбір мәселелер туралы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Нұғыман Жакудаев Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын баяндады.
Сондай-ақ осы күні Әйтеке би кентінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңке кезінде аудан тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «Электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен олардың тиімділігі туралы кеңінен түсіндіріліп, мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпараттық-әдістемелік көмектер көрсетілді. 200-ге жуық азамат қатысқан жәрмеңкеде 80 бос жұмыс орыны ұсынылды
Ұ.ЕРБОЛҚЫЗЫ