Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА КАДР МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА КАДР МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мемқызмет мәселелері бойынша семинар өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Еркебұлан Сарымбетов жұмыс барысында кездесетін проблемалық мәселелерді талқылауды ұсынды.
Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Аида Жаңабергенова сынақ мерзімінен өтуші мемлекеттік қызметшілер үшін бейімдеу жоспарын қалай дұрыс әзірлеу керек екенін айтып өтті. Ал бас маман Мақпал Абтикерова кадр мониторингі бойынша тоқсандық есептілік туралы айтып, оны толтыру барысында қателіктерге жол бермеуге бағытталған шараларды ортаға салды.
Бұдан соң қатысушылар кадр қызметінің негізгі проблемалық мәселелерін талқылады.
Еске сала кетейік, Елбасы Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам еңбегінің бірінші тарауын кәсіби мемлекеттік аппарат құруға арнаған болатын. Ондағы 1-қадамда: Мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімдерін жаңғырту міндеті қойылса,мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы тиіс,-деп нақты көрсетілді. Сондай-ақ, әрі қарай осы еңбектің 2-15 -қадамдарында да мемлекеттік қызмет саласында атқарылуға тиісті мәселелер нақтыланды.
http://www.http.inform.kz
20 қараша 2017 ж. 1 975 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031