Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қол мен қиял еңбегі

Қол мен қиял еңбегі

Бірлікте кәсіпке бейімделегендер қатары баршылық. Бірі мал шаруасын ұршықша иірсе, екіншілері сауда-саттықты жолға қойған. Мұнда қолөнершілерге де ерекше көңіл бөлінеді. Солардың қатарында ауылдың еңбекқор, жаңашылдыққа жаны құмар жанның бірі Назерке Балапан да бар. Теміржол мамандығына машықтанған жас қыз жуырда мемлекеттік қайтарымсыз грантты иемденіп, қажетті жабдықтарға қол жеткізді.
Қазір кестелі және оверлок машинасын алып, киім жиегін қайырып тігеді, көрпе көктейді. Камзол мен киімдерге тұтынушылардың тапсырысымен аты-жөнін немесе қалаған бейнесін кестелеп береді. Ісмерлік өнерді жас қыз әжесі Хадишадан үйренген. Кейуана қол машинасымен құрақ тіккен, алаша тоқыған. Киіз басып, ұршық иірген. Қолынан бәрі келетін бес аспап жанның бірі.
Назеркенің айтуынша, бала кездегі қызығушылықтың әсерімен тігінші Фатима Қожагелдиеваның курсына қатысып, 1 айда ісмерлік өнерді жаңа қырынан ашады. Қазір соның арқасында перде тігеді, бесік, қыз жасауын дайындайды. Тұсау кесерге қажетті бұйымдарды әзірлейді. Ұлттық нақыштағы кәжекей мен камзол пішеді. Балаларға есімді жастықтар кестелеп тігеді. Тұрақты тұтынушылары ауылынан бөлек Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласынан да бар.
– Осы күні мемлекет тарапынан жастарға көмек көп. Іс жасаймын дегенге кәсіп түрі жетерлік. Оны жүргізуге үйрететін арнайы курс та баршылық. Мәселен, біз «Бастау бизнес» оқуында қалаған кәсібіңді қалай үлкейтіп, дамыту қажеттігіне қанықтық. Сабақ берген тренерлер ісіңді қалай ашу жолдарын үйретті. Бизнестің алға басуы үшін жарнамалау әдістері мен салық төлеу ережелері мен әлеуметтік желінің тиімділігін көрсетті. Соның арқасында жеке парақшамды ашып, сол арқылы тігіншілік өнерімді халыққа жарнамалаудамын. Шүкір, қазір инстаграммдағы парақшамды көргендер ауылдан тыс Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласынан тапсырыс беріп тұрады, – дейді ісмер.
Жас кәсіпкер мемлекеттік грант игілігін көргендіктен және сұраныстың ұлғаюына орай өңірлік инвестициялық орталық пен «Атамекен» палатасынан 3 жылға төменгі пайызбен несие алды. Бұл қаржыға жұмыс өнімділігін артып, уақытты тиімді пайдалану мақсатында ою-оятын лазерлі станок, қосымша екі тігін машинасын, құрақты қиятын тоқ қайшы және тағы басқа қосымша қажетті құралдарды иемденді.
Назерке Серікболқызы жан-жақты, ізденімпаз әрі тәуекелшіл жас. Осы қасиеттерінің әсерімен лазерлі станокты арнайы Қарағандыдан алғызған. Өкініштісі, оны оқып үйренуі үшін интернет желісі нашар екен. Ауылда билайн немесе актив ұялы байланысының арнайы станциясы жоқ. Оның уәжі – ауылда ұялы байланыс жүйесі бір жолға қойылса, құба құп. Өйткені лазерлі жабдықты шебер қолдану үшін сабақты ақаусыз үзбей өту қажет екен.
Қазір ісмер қыз қыз жасауын әзірлеу үстінде. Оған қажетті маталарды Шымкент пен Ақтөбе қалаларынан алғызады. Әжесі Хадишамен бірге тапсырысты уақытылы дайындау мақсатында күн-түн құрақ қиып, көрпе көктейді. Еңбекқор кәсіпкердің қолынан шыққан бұйымдардың сапасына ауыл тұрғындары мен өзге де тұтынушылар дән риза.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
08 желтоқсан 2022 ж. 331 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031