Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Табыстың кілтін тапқан

Табыстың кілтін тапқан

Қазалы қаласының тұрғыны, жас ана Жадыра Маханбетжанова жуырда ғана тігін шеберханасын ашып, кәсібін бастап кетті. Бүгінде он саусағынан өнер тамған келіншек тапсырыс қабылдап, тұтынушы талғамынан шығып жүр.

Арал ауданының, Қызыл­жар ауылында дүниеге келген Жадыра Бақытжанқызы қазалылық Жақыпбек Қаласов­пен шаңырақ көтеріп, келін атанғанына да алты жылдан асқан. Бүгінде жарымен бірге өмірге Жансая, Нұрсая және Бексұлтан есімді бүлдіршіндерді әкеліп, тәрбиелеп отыр. Балаларының алды мектеп табалдырығын аттаса, кішілері балабақшаға барады.

Мектеп бітірген соң жо­ғары білім алған Жадыра Бақытжанқызы мамандығына сәйкес жұмыс табыла қойма­ғанымен, үйде қарап отырмады. Ол іздене келе жолдасы Жақыпбек секілді кәсіпкерлікке бет бұруды жөн көрді. Көп ойланбастан тігін шеберханасын ашуға ниет етті. Себебі әжелері Күнқияш пен Патшагүлден бойына дарыған қолөнерге деген бейімділігі бар еді. Бұл екі кейуананың ісмерлігі туралы Қызылжар халқы жақсы біледі. Жадыра осы кісілерге тартса керек, қолынан іс тігудің түр-түрі келеді. Көз тартар құрақ құрап, үлкен-кішіге шақ етіп киім де тігеді. Әсіресе оның қолынан шыққан көрпе-жастық, сәбидің жатын орыны, есім жазылған балалар төсегі көпшіліктің сұранысына ие. Қос қызына арнап тіккен көйлектері де көздің жауын алады. Қыз-келіншектерге арнайы дайындаған тюрбан мен орамалдарынан да шебердің әсемдікке, әдемілікке жаны құмар екендігі аңғарылады.

– Тігін тігуге икемім бұрын­нан бар. «Арман» оқу орталығынан арнайы курс оқып, «Тігін өндірісі» маман­дығын алып шықтым. Төртінші дәрежелі «Тігіп пішу» біліктілігін қосып берді. Бұдан кейін бизнес жоспарымды дайындап, тиісті мамандар алдында қорғадым. Нәтижесінде мемлекет тарапынан 252 500 теңге қайтарымсыз қаржыға қол жеткіздім. Осы ақшаға шеберханаға қажетті құрал-жабдық – бірізді тігін машинасы, оверлок, үтік, сызығыш алдым, – дейді жас кәсіпкер.

Алдағы жоспарымен бөліс­кен Жадыра Бақыт­жанқызы кәсібінің ілгері дамуы үшін тынбай еңбек ететіндігін тілге тиек етті. Бүгінде құрақ, оюлы көрпелерге жиі тапсырыс түседі екен. Келешекте қыз жасауын қолға алып, жұмыс көлемін кеңейтуді ойлайды.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА

19 желтоқсан 2019 ж. 2 002 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 57

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930