Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақтай ел қайда?

Қазақтай ел қайда?

Қазақтай қамқор, жанашыр халық әлемде жалғыз десек, артық айтқан болмас едік. Қазақтың қамын ойлаған қазақтың мәртебесі әрқашан биік. Қандай қиын да қуанышты жағдай болмасын көрші-көлем, ағайын-туысқа қол ұшын созудан бас тартпаған. Осындай игі істі ата-бабамыз жанына серік етіп, жанашырлық, бауырмалдықты ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу мақсатында салт-дәстүр де енгізген.
Бүгінгі күнге дейін ел бақытсыз жағдайға тап болғанда, қайғыға душар болғанда, шаңырағы шайқалып, дүние-мүлкінен, малынан, үйінен айырылғанда қалың жұрт жұмыла көмектесіп жатады. Жан-жағындағы қаумалаған ел қарап жатпай баспана, азық-түлік, киім, ақшалай көмек көрсетеді. Мұны ел ішінен шоқтығы биік азаматтар ұйымдастырып, халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, күндіз-түні тыным таппай халыққа демеу болады. Бір адамның айтқанына еріп, кірісіп, біріне-бірі жалғап, қолынан келген көмекті көрсету – жылу жинау деп аталады.
Қазақтың ынтымағын көрсететін, бірлікке бастайтын, жанашырлық танытатын «Жылу жинау» Тәуке ханның тұсында қабылданған «Жеті жарғы» заңына енген. Әртүрлі табиғи апат салдарынан орын алған қайғылы жағдайға тап болғандарға көмектесуді ұйымдастыруды халыққа сөзі өтімді ел ағалары ұйымдастырған. Олардың бастамасымен зардап шеккен халықты аяғына тұрғызуға жұдырықтай жұмылып күш салған.
Мұндай уақытта тбасын бір айлықпен бағып отырғандар да, халықты жұмыспен қамтып отырған кәсіпкерлер де тыныш жатқан жоқ. Бәрі де қолдарынан келген көмегін аямайды. Тіпті әлеуметтік желі арқылы жан-жаққа шашыраған балалардың, аналардың суреттерін жүктеп, аудан, ауылдағы туыстарды табыстыруда. Шырылдап баласын іздеген ана, жәутеңдеген жас бала ешбір қазақты селқос қалдырған жоқ. Тіпті әлеуметтік желі арқылы көмектесетінін жарыса жазып, қайғырып отырған отбасыға медет болуда. Осы секілді көмек қолын созуды ұсынып отырған қайырымды азаматтар баршылық. Бүгінде атадан қалған сара жолды қажет кезінде жаңғыртып, жақсылықтың жаршысы болып жүргендер қарасы қалыңдап келеді.
– Қазіргі таңда бұл салттың тек «заманына сай адамы» демекші, атауы ұмытылса да, кеңінен таралып, қолданыстан қалмай келеді. Оған әлеуметтік желідегі түрлі қоғамдық қорлар дәлел болса керек. Мәселен, Арыстағы қайғылы оқиға барысында елдің шет-шетінен азық-түлік, киім-кешек секілді елдің ауызбіршілігінің арқасында көптеген көмектер көрсетілді. Міне, бұл «жылу жинау» дәстүрінің қолданыста бар екеніне осы бір оқиға айқын дәлел. Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған ұлы дала төсінде бұл үрдіс әрі қарай да жалғасын табады деген сенімдемін, – дейді Нұрмағамбет Ахмедов.

Дайындаған
Серік АҚМЫРЗА
23 қазан 2022 ж. 762 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031