Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ұлттық киімді ұлықтаған падиша

Ұлттық киімді ұлықтаған падиша

Ұлттық киім – ұлтымыздың айнасы. Халқымыз атам заманнан бері мың бір сырлы әсем киім үлгілерін жасап киініп келген. Киім жай ғана бір жапырақ мата емес. Ол белгілі бір ұлттың, мәдениеттің бет-бейнесін көрсетіп тұратын ғажайып дүние. Оның эстетикалық, этно-мәдени, қоғамдық мәні де орасан. Сондықтан әр қазақ мақтан тұтатын мол мәдениетіміздің елеулі бір саласына киім кию ғұрыптарымызды жатқызсақ болады. Бұл тұрғыдан Сырдың өнер қайраткерлері де кем емес. Олар жаһанның қай бұрышына барса да, ұлттық киімдер арқылы қазақ халқының бай мәдениеті мен жоғары талғамын сахна биігінен көрсете білген.

Қазалыдағы мұражай экспозициясында қазақ халқының ғұрпын жанына серік еткен, ән мен сұлулықтың тәжін қоса киген Алаштың ақ маңдайлы аруы, қайталанбас дауыс иесі, Сыр елінің тумасы Роза Бағланованың сахналық киімі орналасқан. Бұл – киноархивтегі мәскеулік операторлар түсірген көріністерде жарқ етіп жүрген көйлектердің бірі. КСРО Халық әртісі, Халық Қаһарманы Р.Тәжібайқызының сахналық бұл киімдері – 2019 жылы Қазалы аудандық Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығы директоры Кемеңгер Өтеповтың тапсыруымен мұражай қорына түскен.
Көйлек 48-ші өлшемде, қызғылт түстес масаты мен шәйіден тігілген. Көйлекке қос етек түскен. Ал, масатыға алтын түстес дөңгелек әшекейлер жапсырылған. Бөрігі терімен көмкеріліп, төбесіне үкі тағылған. Себебі халқымызда үкі әсемдік берумен қатар, тіл-көзден сақтайды деген сенім бар.
Роза Бағланова қай елде болмасын, қай сахнада өнер көрсетпесін қазақтың әнін ғана емес, қазақтың ұлттық киімі мен салт-дәстүрін серік етіп, насихаттап жүрді. Ұлыбритания еліне сапарында Роза Бағланованың сахналық образына Елизавета патшайым тәнті болған екен.
– Қазақ әйелдерінің киген киіміне қарап-ақ, олардың қандай халық болғанын тануға болады. Бұл киім байлық пен талғамды аңғартады, – депті Елизавета патшайым.
Роза Тәжібайқызының сахналық киімдерін Орталық Комитеттің тапсырмасымен арнаулы шеберлер дайындаған. Киімнің үлгісі мен түсі Роза Бағланованың жоғары талғамын аңғартатын. Шет елдерде қазақтың қос етек дүрия көйлегін, қынама бел қамзолын, үкісі бұлғаңдаған тақиясын киіп, жарқ етіп, сахнаға шыға келгенде жұрт ду етіп қол шапалақтайтын. Бұл – өз ұлтының салт-дәстүрін қадірлей білген және өзгеге сыйлата алған ұлтжанды тұлғаның көрінісі.
Серік АҚМЫРЗА
01 қазан 2022 ж. 1 391 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 51

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930