Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » «Жылу жинау» дәстүрі – бірліктің белгісі

«Жылу жинау» дәстүрі – бірліктің белгісі

Бала күнімізде ата-әжелеріміз «Айтып келмейтін апаттан, мезгілсіз келген өлімнен сақта Жаратқан Ием» деп үнемі тілге тиек етіп отыратын. Дастарқан басында бата бергенде, намаз оқығанда, жай жүріп, қарап отырып та осы сөзді жиі айтатын.
Ертеректе қазақтың намысшыл, бауырмашыл, кең пейілді халық екеніне дүйім жұрт таңғалып, қызыға қараса керек. Кез келген нәубәтті бірлесе отырып жеңгенін көріп, көре алмаушылық танытқандардың болғанын да жасыра алмаспыз. Әрине қазекең басына үйірілген бұлттан бірлесе шығуға әрекет жасап отырғаны рас. Бұған кешегі Арыс қаласында болған жағдай дәлел бола білді. Сондай-ақ оған аудандағы базардың отқа оранғаннын көзбен көрген көпшіліктің көмекке қол ұшын созғанын қосыңыз.
Расында қазақ ешқашан бауырын қаңғытып, жетімін жылатпаған. Аталған Арыстағы апат болған кезде бөгде жан көлігіне баланы, қарияны мінгізгенін әлеуметтік желіден көріп отырдық. Әп-сәтте қайғы жұтқызған оқиғадан бас сауғалағандар ес жия келе ағайын-туыс, бауырларын іздеуге кірісті. Сонда көрші аймақ тұрғындары оларды ас-су, азық-түлікпен қамтып, жатын орын дайындауға бел шешіп кірісіп кеткенін сіз де білесіз. Үйіндегі төсегін, қазанындағы ыстық тамағын, киім-кешегін арқалап келген де біздің қазекең. Өзге де облыстан жұртшылық сол жаққа қарай көмекке ағылып, айналасындағыларға хабар жіберіп, шама-шарқына қарай қаржы жинап, қажетті заттарды алып барды. Міне, мұны қазақ «Жылу жинау» деп ертеден атап кеткен. Бұл қазаққа сонау ата-бабадан қалған.
Бір сөзге тоқтаған дана халық ұрпағы бұрынғы кезде де жылу жинауды дәстүрге айналдырған. Сауабы мол істі бүгінгі жас буын өкілдері де жалғастырып әкеткені көңілге қуаныш ұялатпай қоймайды.
Негізінен жылу жинау ел бақытсыз жағдайда қайғыға душар болғанда, шаңырағы шайқалып, дүние-мүлкінен, мал, үйінен айырылғанда ел болып қол ұшын созуды айтады. Айналасындағы қаумалаған ел баспана, азық-түлік, киім, қаржы жағынан көмек көрсетеді. Мұны ұйымдастырғандар халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, күндіз-түні дамылсыз халыққа демеу болады. Міне бір адамның айтқанына еріп, соған білек сыбана кірісіп, қолынан келгенін аямау – жанашырлықтың белгісі.
Қазақтың ынтымағын көрсететін, бірлігін бастайтын, мейірімділік танытатын «Жылу жинау» Тәуке ханның тұсында қабылданған «Жеті жарғы» заңына енген. Әртүрлі табиғи апат салдарынан орын алған қайғылы оқиғаға тап болған жандарға көмектесіп ұйымдастыруды халыққа сөзі өтімді ел ағалары ұйымдастырып отырған деседі. Солардың бастамасымен зардап шеккендерді аяғына тұрғызуға жұдырықтай жұмылып күш салған.
Қазіргі таңда қазақ арасында бір-біріне қолдау жасап, қолынан келген көмегін аямай жатқандарды көріп жүрміз. Барлығын әлеуметтік желіге салып, жарияға жар салып жатады. Сондай кезде қазақтың «оң қолың бергенді, сол қолың көрмесін» деген таныс сөзі ойға оралады.
Қайырымдылық жасап, үйсіз жүргендерге баспана алып беру біздің елде көптеп орын алып жатқан жағдай. Әлеуметтік желі арқылы көмек қажет екенін айтып, Қазақстан бойынша қаржы жинап, қолдау көрсетіліп жатыр. Сайып келгенде мұның өзі қазақтың ынтымағы жарасып, бірлігі мығым болып тұрғандығының дәлелі. Ертеден бүгінге жеткен дәстүрлі ұмыт қылмай, одан әрі жаңғыртсақ құба-құп.

Абзал ЖОЛТЕРЕК
19 қыркүйек 2020 ж. 2 561 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930