Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мақтааралға көмек көрсетті

Мақтааралға көмек көрсетті

Мақтаарал ауданында орын алған су тасқынының зардабы тек сол жердегі тұрғылықты халықтың ғана емес, әрбір қазақтың жанына батқаны сөзсіз. Тілсіз жау, қаншама азаматты үйсіз-күйсіз далада қалдырды. Басына күн туған осындай қиын шақта ауыртпашылыққа кезіккен жандарға көмек қолын созып, қолдау көрсету азаматтық парыз болып саналады.
Ел бойынша қиындық түскен мақтааралдықтарды қолдап, көмектесіп жатқан жомарт жандар баршылық. Осындай қайырымды істен шет қалмайтын қазалылық Еркін Оразалиев бастаған ауыл кәсіпкерлері мен ерікті жастар өткен аптада су апатынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында «Нұршуақ» автостанциясында бас қосып, жолға шықты. Олар «Жанқожа батыр» және «Әли-Муса» мешітінің алдында халықтан азық-түлік пен киім-кешек жинап, 80-ге жуық “Газель” жүргізушілерінің берген ақшалай қаржыларын қалған мақтааралдықтарға арнайы барып табыстады.
Жеке кәсіпкер Арзан Байсұғанова да отандастардың зарына бейжай қарамай, «Арзан» базарының атынан көмек берді. Мейірбан ана мақтаарал аумағындағы ағайынға тұрмысқа қажетті тауарларды жеке автокөлікке тиеп жіберді. «Мақтаралдықтар Қазалы сіздермен бірге!» деген ұранмен кәсіпкер ана орын алған апатқа ұшырағандарды сабырлылық танытуға шақырды. Елдің амандығын тіледі.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп бекер айтылмаса керек. Осылайша жерлестеріміз сын сағатта қиындықты бастан кешкендерге бірнеше күн ішінде бұзылмайтын азық-түлік, киім-кешек, көрпе-жастық пен гигиеналық заттарды жеткізіп, жанашыр пейіл көрсетті.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
16 мамыр 2020 ж. 713 0

Алтынның құны тағы көтерілді

12 желтоқсан 2025 ж. 113

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 217

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 152

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031