Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Діни рәсімдерге реттілік қажет

Діни рәсімдерге реттілік қажет

Толғауы тоқсан тіршілікте қуанышпен бірге ренішті жағдайдың да қатар жүретіні анық. Сондайда түз-дәмі таусылып, фәни дүниеден өткен жандарды жайғару мәселелері қалай атқарылып жүр? Жаназа және жерлеу рәсімдері талаптары сақтала ма? Ысырыпшылдыққа жол беруге тыйым бар ма?
Әйтеке би кентіндегі «Жанқожа батыр» мешітіндегі кең жайылған дастархан басында бас қосқан, ауданның бір топ ардагерлер қауымы жоғарыдағы сауалдар төңірегінде әңгіме өрбітіп, өзара пікір алысты. Жылы жүздесуді ашқан мешіттің бас имамы Берік Сүлейменов өткен жылы «Жаназа және жерлеу рәсімдері» тақырыбында аудандық діни – танымдық конференция ұйымдастырылғанын атап өтті. Онда садақа мәзіріне: нан, бауырсақ, сөк, талқан, құрма, қант, кәмпит, печенье, мейіз, өрік, қаймақ, сары май, шай, су, ет немесе күріш сияқты тағам пайдаланылатыны айтылып, орынсыз ысырапты азайтуға көңіл аударылғанына тоқталды. Сонымен бірге пітір садақасының есебі мен іске асырылған қайырымдылық шаралары туралы баяндады.
Өз кезегінде сөз алған медицина саласының ардагері Нұрсұлтан Мұратбаев: «Өлікті жайғару кезінде дастархан жасау жағдайына назар аударған өте орынды. Былтыр конференция үстінде қозғалып, халыққа құлақтандырылған 14-15 тағам түрлері жеткілікті. Онан басқаларының көп қажеті де жоқ. Мен жақында көршілес Ақтөбе облысында дін қызметкерлері өмірден озған адамның қырқы, жүзі, жылдық асындағы дастархан жасауды қатаң бақылап отыратындығын естідім. Өте мақұлдауға тұратын үрдіс.
Бізге де осы тәртіп керек-ақ. Барша жұртшылық пен кейінгі толқын жастарға жасы үлкен ақсақалдар осы жөнінде түсіндіріп, ымырашылдыққа шақырып отырғанымыз жөн», – деді.
Еңбек ардагері Әлимуса Есқожаев, Темірбай Жайылхан да күн тәртібіндегі тақырыпқа орай ойларын ортаға салды. Дастархан жаюдағы аса-төктік пен жаназа барысындағы кейбір қисынсыз қылықтарға тосқауыл қоюды күшейте түсуді ескертті. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов ауданның бас имамы Б.Сүлейменовке барлық ақсақалдар атынан алғысын жеткізді. Бүгінгі кездесудегі қозғалған жайттардың мән-маңызын жоғары бағалап, жиналғандарды ортақ шаруаға көп болып атсалысуға үндеді.
Сахи ҚАПАР.
13 наурыз 2018 ж. 1 403 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031