Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Құранның қасиеті ұлықталды

Құранның қасиеті ұлықталды

Әйтеке би кентіндегі «Жанқожа батыр» мешіті мен мешіт жанындағы «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Құран – мәңгі мұғжиза» тақырыбымен құран оқудан байқау өткізілді. Оған 16 және 53 жас аралығындағы әйелдер мен қыздар қатысты.
Байқауды ауданның бас имамы Берік Сүлейменов ашып, Құран арқылы әйел заты теңдікке жеткендігін, жан мен тән, ар мен жүректі кірден арылтып, адамзатқа бақыт әкелгендігін, Құранды үйрену де, өзгелерге үйрету де жақсылыққа жеткізетіндігіне тоқталды. Талапкерлерге құранның кез келген өзі таңдаған үш сүресін жатқа араб тілінде оқып, қосымша үш сұраққа жауап бере отырып, тәжуид, қырағатқа аса мән берілетіндігін, Құран оқу ережесіне сәйкес түсіндірді.
Байқауға қатысқан тоғыз талапкердің бәрі де осалдық танытпады. Сонда да «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» дегендей, дара шыққандар анықталды.
Сөйтіп, бірінші орын «Қожаназар ишан» мешітінің шәкірті Әйгерім Жарасқа, екінші, үшінші орындар «Жанқожа батыр» мешітінің шәкірттері Ақбота Өмірбаева мен Құндыз Қазыбектерге бұйырды.
Жеңімпаздарға алғыс хат пен бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Беганыш ЖАҚСЫБАЙ,
«Жанқожа батыр»мешітінің баспасөз хатшысы.
16 ақпан 2018 ж. 3 772 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 178

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 166

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 159

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 170

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930