Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Табысты тағамнан тапты

Табысты тағамнан тапты

Еңбектің үлкен-кішісі жоқ. Қолға икем, мінезге табандылық берсе оның игілігін көрген абзал. «Кәсіп бастай аламын ба?» деген сан сауалдан сананы арашалай алмайтындар көп. Жігер мен мақсат тоғысса, алынбайтын қамал жоқ. Қос қолына күрек алып, қарекет етіп, жарқын жобасын жүзеге асырып, жемісін көріп отырған жастар жетерлік.
Солардың бірі – Еркебұлан Аймағамбет пен Бекнұр Ерланұлы. Жас кәсіпкерлер ауданда ерекше өнім жасап, дүкендермен сауда ісін дөңгелетіп отыр. Тұрғындарға ерекше ас ұсынуды ойлаған олар тың идеясын жүзеге асыруды көздейді. Солай өз қаражаттарымен ісін кәсіпке айналдырып көруге бел байлайды.
– Жапон сушиі қазір әлемдік трендке айналғаны сөсіз. Жапонияда тамақтануға ерекше көңіл бөледі. Ас – дәрумендерге бай, денсаулыққа пайдалы болу керек. Күнде болмаса да сушиді қызығып, аңсап, іздеп жейтіндер аз емес. Үлкен қалаларда дайын, қапталып тұрған суши түрлерін әр дүкеннен көретінмін. Сосын ой келді, неге біздің ауылдың дүкендерінде тұрмайды деген. Солай белімізді буып, тәуекел еттік. Тұтынушыларға ыңғайлы болуы үшін аудандағы дүкен сөрелеріне өнімімізді қойдық. Сапасы жоғары, бағасы да қолжетімді болуын көздедік. Эстетикалық тұрғыдан да әдемілікке ерекше назар аудардық. Біз онигири, кимбап, сэндвич өнімдерін жасап дүкендерге өткіземіз. Барлық өнімдер сертификатталған. Дүкендерге күніне 250-300 дана өнімдерімізді өткіземіз, сұраныс қарқынды түрде артып келеді. Қызығушылық танытып, іздеушілердің де қатары артты. Алдағы уақытқа жоспарымыз өнімнің санын және сапасын арттырып, жаңа дәмдерді халыққа ұсыну. Сұранысқа ие отандық өнім шығару үшін үлкен шаһарда тұру шарт емес. Халық тұтынатын сапалы өнімді шағын мекенде де жасауға болады. Мұндай істі қолға алу үшін алдымен ынта қажет. Ізденген адамның ісі оңға басады, – дейді жас кәсіпкер Еркебұлан Мұратбекұлы.
25 жастағы қос кәсіпкер ауданға жаңа дәм әкелуді көздеді. Олардың жобасы жүзеге асып, енді оны одан әрі дамытуды мақсат етуде. Кәсіп ашқан талапты жасты көргенде «бәрекелділейтініміз» рас. Әсілінде екі қолға бір күрек алып, нәпақасын маңдай термен тапқанның наны да тәтті. Иә, кәсіпті дөңгелете алғанның тасы өрге домалайды. ««Қалауын тапса – қар жанады. Шешілмейтін мәселе жоқ. Тек арман мен ниет тоғысса болғаны» дейді талапты жастар сөз арасында.
Айнұр ӘЛИ
01 қараша 2025 ж. 37 0

Табысты тағамнан тапты

01 қараша 2025 ж. 38

Кәсіптің көзі – күріште

01 қараша 2025 ж. 39

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930