Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Шаттық нұрын шашқан

Шаттық нұрын шашқан

Жақында Ақсуат ауылында «Ақмырза ахун» мешітінің имамы Нұрлыбек Ормановтың ұйымдастыруымен екі дүние сардары, адамзаттың асыл тәжі болған, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (c.ғ.с) туған айы «Мәуліт» мерекесіне арналған шара өтті.
Айтулы шарада ел ағалары мен ауыл әкімі Жұбатқан Аманшаұлы сөз алып, ыстық лебіздерін білдірді. Одан соң, «Жанқожа батыр» мешітінің бас имамы Берік Сүлейменов пайғамбарымыздың өмірбаяны туралы халыққа түсіндіріп, ауыл имамы Нұрлыбек Ормановқа елді имандылыққа шақырып жатқан үлесі үшін алғыс хат табыстады.
Пайғамбарымызды ұлықтауға байланысты өткен жиында діни әндер айтылып, бейнероликтер қойылды. Шараның жоғары деңгейде өтуіне Әміржан Кәдірбай, Бақнұр Мықтыбай, Ғарифулла Мәкен, Динара Ерланқызы, Перизат Кәдірбай сынды жастар атсалысты. Ал, Ғалымжан Мыңжасаров болса өз шығармашылығынан дініміз туралы термесін орындап, халықтың алғысын алды.
Ақтілек БІТІМБАЙ.
21 ақпан 2018 ж. 4 317 0

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 213

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 146

Маңызды ақпарат

11 желтоқсан 2025 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031