Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол жөндеу жұмыстары бақылауда

Жол жөндеу жұмыстары бақылауда

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында биыл Әйтеке би кентінде ауқымды жұмыстар жүзеге асуда. Бағдарлама мақсаты – ауылдық жерлердің инфрақұрылымын жаңғыртып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау. Осы ретте аудан орталығы саналатын Әйтеке би кентінде жол инфрақұрылымын жақсарту ісіне ерекше назар аударылған.
Жыл басында кент бойынша барлығы 14 көшеге орташа және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Бұл мақсатта республикалық және жергілікті бюджет есебінен қомақты қаржы бөлініп, жол сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда.
Қазіргі таңда 10 көшеде жөндеу жұмыстары толық аяқталып, тұрғындар игілігіне берілді. Ал Желтоқсан, С.Жәрімбетов, Төремұрат жырау және Нұрхатов көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары басталып, қарқын алған.
Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов кент көшелерін аралап, жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысын бақылап, сапасына ерекше мән берді. Әкім жол құрылысын жүзеге асырып жатқан мердігер мекеме – «Строймодуль Астана» ЖШС өкілдеріне жөндеу жұмыстарын қараша айының бірінші онкүндігіне дейін толық әрі сапалы аяқтауды тапсырды.
Сонымен қатар аудан бойынша елді мекендерде де жолдарды жаңғырту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, 4 көшеге орташа және күрделі жөндеу жүргізу, Қазалы қаласының 10 көшесін қайта жаңғырту, сондай-ақ Жанқожа батыр ауылына кіреберіс жол мен «Әлсейіт» көпірінен Бекарыстан би ауылына дейінгі аралықта күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған. Бүгінде бұл бағыттағы жұмыстардың бірқатары аяқталуға жақын.
Аудан басшысы кент көшелерін аралау барысында Әйтеке би кентінің оңтүстік бөлігінде орналасқан, тұрғындар арасында «тесік көпір» аталып кеткен теміржол астындағы өткелдің жағдайымен де танысты. Алдағы уақытта бұл аумаққа абаттандыру және жарықтандыру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

А. ЖҮСІПОВА
01 қараша 2025 ж. 37 0

Табысты тағамнан тапты

01 қараша 2025 ж. 37

Кәсіптің көзі – күріште

01 қараша 2025 ж. 39

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930