Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент “Ұлттық қор – балаларға“ бағдарламасының негізгі мақсаты туралы айтты

Президент “Ұлттық қор – балаларға“ бағдарламасының негізгі мақсаты туралы айтты

Президент “Ұлттық қор – балаларға“ бағдарламасының негізгі мақсаты туралы айтты
Фото:
Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақтың сапалы білім алуы үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлыққа тоқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Елімізде 2024 жылдан бастап "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Соған сәйкес Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың есепшотына салынады, яғни Қазақстандағы әр бала 18 жасқа дейін Ұлттық қордан қаржы алып тұрады. Аталған қаражатты мерзімінен бұрын қолдануға болмайды. Балалар кәмелет жасқа толғаннан кейін жинақталған қаржыны баспана немесе білім алуға жұмсай алады.

Сонымен қатар бес жастан асқан балаларға арналған "Келешек" бірыңғай жинақтау жүйесі іске қосылды. Бұл жүйеде ата-аналардың ерікті салымы, мемлекет тарапынан бөлінетін бастапқы білім беру капиталы, жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы және инвестициялық табыс жинақталады. Жобалардың негізгі мақсаты – бір, бұл – жас ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасау. Бұдан бөлек, жастарға пайызсыз білім несиелері және түрлі гранттар берілуде. Жоғары білім беру саласының инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр, жаңа оқу ғимараттары (кампустар) бой көтеруде. Аймақтарда жоғары оқу орындарының жанынан студенттерге арналған жатақханалар салынуда", – деді Президент.


31 қазан 2025 ж. 155 0

Доллар бағамы төмендеді

15 желтоқсан 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031