Мәуліт мерекесі тойланды
Кешке «Жанқожа батыр» мешітінің бас имамы Б.Сүлейменов, Жалаңтөс батыр ауылдық мешітінің имамы Ғ.Алманиязов, «Шындалы қожа» мешітінің имамы А.Әбдірахманов, ауылдық мекеме басшылары, ардагерлер, ауыл тұрғындары қатысты.
«Жанқожа батыр» мешітінің бас имамы Б.Сүлейменовтің өлі әруақтарға құран бағыштады.
Мешіт имамдары ауыл халқына ыстық лебізін білдіріп, шарапатты шара аясында шариғат шарттарының қалай орындалатыны турасында сөз қозғап, ғибратты әңгіме өрбітсе, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Нұршабаев ел тыныштығын тіледі.
Мәуліт мерекесіне арналған кеш аясында «Шындалы қожа» мешітінің имамы А.Әдірахманов пен ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Ж.Кәдірбаева 30 жылдай уақыт жарларынан ерте айырылған қарт аталарының жағдайын жасап, бағып отырған ауылымыздың 9 келінін сахна төріне шақырып, сый сяпат табыс етті.
Мәуліт мерекесіне арналған рухани кешке ауыл әкімі Б.Баймаханов, №92 мектеп директоры Б.Тәжібаев, Емхана ұжымы, кәсіпкер Р.Абдреметовалар демеушілік жасады.
Шара барысында мектеп оқушылары, «Ұлпан» әжелер ансамблі мен ауыл өнерпаздары алла, имандылық жайында ән шырқады. Көрерменді шүкіршілікке шақырып, имандылыққа ұйытқан қойылым сахналанды.
Ж.НҰРАСЫЛОВА,
Қ.Пірімов ауылдық клуб әдіскері.