Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындар тілегі тасада қалмайды

Тұрғындар тілегі тасада қалмайды

Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов шалғайдағы елді мекендерді аралап, ауылдың тыныс-тіршілігімен танысып, тұрғындармен жүздесті. Онда бірқатар мәселелерді талқылап, атқарылып жатқан жұмыстар легі пысықталды.
Алдымен аудан басшысы дарияның арғыбетіндегі Өркендеу және Бірлік ауылдық округтерінің халқымен кездесіп, ондағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Екі ауылдың да тұрғындарымен өткен кездесулер барысында жыл көлемінде ауданда аймақ басшысының қолдауымен және елге жанашыр азаматтардың еңбегімен жүзеге асқан бірқатар жобалар жайында сөз қозғап, алдағы жоспарлармен бөлісті.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары екі ауылдың да электр желілілерін қайта жаңғырту, жайылымдық және шабындық жерлердің тапшылығы, Жанкент ауылындағы №104 мектептің сыртын қаптау мен балабақша ауласына брусчатка төсеу және жайылымдық жерлерден мал суғару үшін су ұңғымасын қазу сынды мәселелерді ортаға салды.
Аудан әкімі тұрғындар көтерген мәселелердің әрбіріне жеке-жеке тоқталып, сұрақтарға толыққанды жауап берді. Сондай-ақ кейбір мәселелер бойынша алдағы уақытта заңдылыққа сәйкес зерделеу жұмыстары жүргізіліп, жұмыс жасалатынын жеткізді. Ал ауылдық округтердің электр желілілерін қайта жаңғырту бойынша арнайы жоба әзірленгенін, тиісті қаржы бөлінген жағдайда жұмыстар басталатынын айтты.
Айта кететін жайт, аудан басшысы халықпен кездесулер барысында ауылдық округтердегі мектеп, балабақша сынды әлеуметтік нысандармен танысып, мекемелердің және ауылдардың санитарлық тазалығы, абаттандырылуына қатысты ауыл әкімдеріне бірқатар тапсырма берді.
Айнұр ӘЛИ
01 қараша 2025 ж. 36 0

Табысты тағамнан тапты

01 қараша 2025 ж. 39

Кәсіптің көзі – күріште

01 қараша 2025 ж. 39

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930