Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Орта Азияның үздік дәрігері атанды

Орта Азияның үздік дәрігері атанды

Қазалы ауданының медицина саласы тағы бір қуанышты жаңалықпен толықты. Қазалы теміржол ауруханасының басшысы Құбыл Ршымбетов «Орта Азияның денсаулық саласындағы үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Ол «Орта Азияның үздік дәрігері» атты республикалық байқауына қатысып, денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан зор үлесі мен мінсіз қызметі үшін жеңімпаз атанды. Аталмыш марапат – оның көпжылдық еңбегі мен медицина саласындағы жоғары кәсіби шеберлігінің, сондай-ақ ұжым еңбегінің де лайықты бағалануы.
Құбыл Ршымбетов басшылық ететін Қазалы теміржол ауруханасы соңғы жылдары денсаулық сақтау сапасын арттыру бағытында бірқатар табысты іске қол жеткізіп келеді. Соның жарқын дәлелі – аурухананың «Денсаулық сақтаудағы сапа және аккредиттеу институты» тарапынан 1-санаттағы ұлттық аккредиттеуден сәтті өтуі.
Аккредиттеу медициналық ұйымның қызметі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы ұлттық стандарттарға толық сәйкес келетінін дәлелдейді. Құжаттың жарамдылық мерзімі 2024 жылдың 10 қазанынан бастап 2028 жылдың 10 қазанына дейін бекітілген.
Айшықты мәртебе – аурухананың медициналық қызмет сапасын, қауіпсіздігін және науқастарға көрсетілетін көмектің тиімділігін арттыру жолындағы табанды еңбектің нәтижесі. Аурухана ұжымы халық сенімін ақтау, заманауи талаптарға сай қызмет көрсету және өңір тұрғындарының денсаулығын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар атқаруда.
Қызмет түрі: медициналық ұйымдар қызметінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін тану мақсатында оларды аккредиттеу.
Қазалы теміржол ауруханасы бүгінде кәсіби білікті мамандар мен заманауи медициналық жабдықтарға сүйене отырып, аудан тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсетуде. Мұнда емдеу үдерісі халықаралық стандарттарға сай ұйымдастырылған. Ал қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға тұрақты түрде көңіл бөлінеді.
Қорыта айтқанда, Қазалы теміржол ауруханасының ұлттық аккредиттеуден өтуі мен Құбыл Ршымбетовтің республикалық деңгейде марапатталуы – аудан медицинасының беделі мен даму деңгейінің айқын көрінісі. Бұл жетістіктер ұжымның қажырлы еңбегін, сапа мен сенімге негізделген қызметтің нәтижесін паш етеді.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
01 қараша 2025 ж. 32 0

Табысты тағамнан тапты

01 қараша 2025 ж. 37

Кәсіптің көзі – күріште

01 қараша 2025 ж. 39

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930