Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда "Халық заңгері" акциясы аясында жеке қабылдау өтуде

Қазалыда "Халық заңгері" акциясы аясында жеке қабылдау өтуде

Бүгін Қазалы ауданында азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатындағы республикалық кең ауқымды «Халық заңгері» акциясы өтуде. Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету және қоғамдағы өзекті мәселелерді шешу.
Акция аясында аудан әкімі Алмасбек Есмаханов құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге аудан тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау Әйтеке би кентіндегі «Руханият» орталығы мен Ғани Мұратбаев ауылындағы Мәдениет үйінде ұйымдастырылып, тұрғындардың жеке сұрақтары мен өтініштері тыңдалуда.
Акция барысында нәтижелі жұмыспен қамту, мемлекеттік бағдарламалар, кәсіпкерлік, алимент өндіру сынды және басқа да көтерілген мәселелер бойынша тұрғындарға заң аясында тиісті жұмыстар атқарылатыны айтылып, әрбір өтінішті жеке бақылауға алу жөнінде сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының басшылары, заңгерлер, адвокаттар және мемлекеттік орган өкілдері тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, заң тұрғысынан кеңестер ұсынды.
31 қазан 2025 ж. 152 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031