Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жарық пен жылудың жайы қалай?

Жарық пен жылудың жайы қалай?

Шаруашылықтағы маңызды саланың бірі – электр энергетикасы. Бұл сала өнеркәсіп пен қоғамның барлық өндіргіш күшінің аумақтық орналасуы мен дамуына әсер етеді. Сол үшін электр энергетикасын елдегі жетекші сала деуге болады. Ал жылу беру маусымы – қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды қажет ететін маңызды кезең.
Жақында аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен электр энергетикасы саласын дамыту мен жылу беру маусымының өту барысына байланысты мәжіліс өтті. Жиында аудан басшысы жауапты маусымды талапқа сай, үздіксіз өткізу үшін тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Жалпы ауданда соңғы жылдары тұрғындарды сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Биыл ауданда жалпы құны 2,4 миллиард теңге болатын 3 жоба – Қазалы қаласының электр желілерін толық жаңарту, «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында Қожабақы ауылының электр желілерін қайта жаңғырту және Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының аралығындағы жаңадан ашылған кварталдардағы нысандар мен тұрғын үйлерге керекті электр энергиясының қуаттылығын арттыру мақсатында қосалқы стансасының құрылыс жұмыстары жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстардың нәтижесінде тозығы жеткен желілердің үлесі қазіргі 69,5 пайыздан 65 пайызға дейін төмендемек.
Аудан әкімі аталған жобалардың жүзеге асуы қысқы жылыту маусымын тұрақты өтуіне тағы бір қадам болып табылатынын айтып, жобалардың нәтижелі жүзеге асуын жауаптыларға қатаң қадағалауды тапсырды. Сонымен қатар ауданда әлі де ауыстыруды қажет ететін трансформаторлар мен электр желілері бар екенін айтып, электр желілерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында әзірленген жобаларды алдағы жылдарға қаржыландыру мәселесін пысықтау керегін жеткізді.
Сонымен қатар мәжілісте аудан басшысы жылу беру маусымын қалыпты өткізу мәселесіне тоқталып, жауаптыларға бірқатар тапсырма берді. Әлеуметтік нысандардағы жылу режимін тұрақты бақылауда ұстау, тұрғын үйлер мен жеке сектордағы шағымдарға жедел әрекет ету мақсатында кезекші топтардың жұмысын күшейту керек. Сонымен қатар, жылу желілерінде туындаған ақауларды дер кезінде жою, тұрғындарға қолайсыздық туғызбау және елді мекендердің халқын қатты отынмен уақытылы қамтамасыз ету міндеттелді. Аудан бойынша жылыту маусымы 10 қазанда басталды. Бүгінде ауданда 161 нысан жылыту маусымын тұрақты өткізуде.
Жиында аудан әкімі жылу беру маусымы кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі мәселесі бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырымалар берді.
– Жылу беру маусымында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін профилактикалық іс-шараларды тиянақты ұйымдастырыңыздар. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы табиғи газды қауіпсіз пайдалану, оның ішінде түтін жолдары мен ауа-желдеткіш каналдарын уақытылы тазалау және жылу маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтау бағытында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіңіздер, әлеуметтік нысандар мен мекемелерде өрт кезінде қалай әрекет ету керек екені жөнінде оқу-жаттығулар тұрақты түрде өткізіңіздер, – деді Алмасбек Әбілқасымұлы.

Айнұр АЙДАРҚЫЗЫ
01 қараша 2025 ж. 34 0

Табысты тағамнан тапты

01 қараша 2025 ж. 39

Кәсіптің көзі – күріште

01 қараша 2025 ж. 39

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930