Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Сот кабинеті» қызметі жетілдірілді

«Сот кабинеті» қызметі жетілдірілді

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты өзінің (www.sud.kz) ресми сайтында онлайн сервистерге және сот органдарының қызмет көрсетулеріне қолжетімділіктің жалғыз терезесі болып табылатын «Сот кабинеті» электрондық жобасын 2014 жылы іске қосты. «Сот кабинеті» электрондық өзара іс-қимыл, сондай-ақ сот органдарының жеделділігі, қолжетімділігі мен ашықтығы арқылы сот ісін жүргізуді жеңілдетуге арналған.
«Сот кабинеті» сервисін іске қосқан сәттен бастап оның мүмкіндіктері тиісті түрде бағаланды: сервисті халық кең пайдалануда және адвокаттар мен кәсіпкерлердің тиімді жұмысына көмектесуге, азаматтардың құқықтық мәдениетін жетілдіруге және өздерінің конституциялық құқықтарын қорғауға ықпал етеді.
«Сот кабинеті» сервисінің қағаз түрінен ерекшелігі электрондық нысанда талап арыздарды, сот хаттамасын беру туралы арызды, хаттамаға ескерту-арызды беруге, электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, электрондық қадағалау іс жүргізуіне қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ пайдаланушыға ыңғайлы кез-келген орындағы интернет желісі арқылы мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуге берілген мүмкіндік болып табылады.
«Сот ісін жүргізу» қызмет көрсетуі азаматтық, қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізу құқығы салалары бойынша бөліктерді қамтыған, ол тәжірибесі жоқ пайдаланушыға заңдық кеңес алмай-ақ сервисті пайдалану мүмкіндігін ұсынады. Құқықтың әрбір саласында тиісті электрондық қызмет көрсетулер бар.
«Менің істерім» деген бөлімде пайдаланушы жіберген электрондық арыздар туралы ақпаратты қарау және істі қарау барысының мүмкіндігі жеңілдетілген. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін енді бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы ақпаратты қарау және істі қарау барысы бір жерде іске асырылған, пайдаланушы тиісті сілтемені баса отырып, барлық сатыдағы өз ісінің қозғалысының тұтас процесін қарай алады.
«Сот кабинеті» сервисі біртіндеп қағаз құжат айналымынан бас тартуға, ол өз кезегінде соттарда электрондық сот ісін жүргізудің жаңа сатысына көшуге мүмкіндік береді.
Жаңарған сервис әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) іс-әрекеттеріне шағым (ӘҚБтК-нің 44-тарауына сәйкес); әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша заңды күшіне енбеген қаулыларды қайта қарау туралы шағым (ӘҚБтК-нің 45-тарауына сәйкес); талап-арыздар мен шағымдар бойынша хабарламалар, сондай-ақ «Талдау» форумы сияқты қосымша бөлімдерді қамтиды.
Сонымен бірге пайдаланушыларға хабарламаларды жіберу қызметі іске қосылды. Ол шығарылған сот актісі бойынша хабарлама жібереді әрі сол сот актісін PDF форматында көру үшін сілтеме жасайды. Сонымен қатар, хабарлама арқылы «Істерді қарау барысы» бөліміне ауысуға мүмкіндік бар. Осының нәтижесінде іс бойынша шығарылған барлық сот актілерін көруге әрі жазып алуға болады.
«Сот кабинеті» сервисінде іске қосылған «Талдау» форумы туралы ерекше айтқым келеді. Ол Істер санаттарының бірыңғай жіктегішін, материалдарды, сот практикасының қорытуларын және Сот актілері дерекқорын, Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын пайдаланудың негізінде құрылды. «Сот кабинеті» бірыңғай сот практикасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Сот кабинеті» сервисін пайдаланушылар оның мүмкіндіктерін, яғни оны тұрғындардың кеңінен пайдаланатынын, осы сервистің адвокаттардың, судьялардың және соттар мамандарының тиімді жұмыс істеуіне, азаматтардың құқықтық мәдениетінің артуына, азаматтардың өздерінің конституциялық құқықтарын қорғауына оң ықпал етіп отырғанын атап көрсетуде.
Сонымен қатар пайдаланушыларға атқару парақтарын, шағымдар мен өтінішхаттарды ҚПК-нің 106 және 107-баптарына сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен электрондық түрде жіберуге мүмкіндік беретін бөлімдерді ашылған. Сондай-ақ сот актісіне шағым беру мерзімі және сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөніндегі қызметтер іске қосылған.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмайды және сот ісін жүргізу процесін оңтайландыру мен автоматтандыру бойынша ізденісті жалғастыра бермек.
А.ҚАЗЫБЕКОВ,
Қазалы аудандық сотының
бас маман-сот отырысының хатшысы
26 қаңтар 2021 ж. 2 899 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 51

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930