Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер Қазақстанда 13-15 наурыз күндері ауа райы қандай болатынын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.
Cиноптиктердің мәліметінше, алдағы күндері жауын-шашын жауып, күн суытады. "Алдағы үш күнде республиканың басым облыстары биік циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттың әсерінде болады. Қазақстан аумағынан өтетін атмосфералық фронттар солтүстік бөлігінде қар, оңтүстікте жауын-шашын, соңы қарға айналатын жаңбыр, сонымен қатар, тұман, көктайғақ және температураның төмендеуіне алып келеді. Батыс және солтүстік облыстарда температура климаттық нормадан 3-7 градусқа төмен болады, фронттардың өтуіне байланысты қалған аумақта да күн суытады", - деді синоптиктер. 12-14 наурызда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан облыстары бойынша жауын-жашын (жаңбыр басым), кей жерлерде қатты түсуі күтілуде. Осыған байланысты, мұздық құбылыстардың әлсіреп өзен арналары қысылып (Алматы облысында), жазықтық жерлерде және таулы өзендерде беткейлі ағынның пайда болуы мүмкін.  Сондай-ақ, 12-13 наурызда Қызылорда облысында Сырдария өзенінде мұздық құбылыстардың әлсіреп, өзен арналары қысылып, судың көтеріліп жайылуы шығуы мүмкін екені айтылады.
12 наурыз 2018 ж. 2 219 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930