Бірнеше облыста дабылды ескерту жарияланды
![](/uploads/posts/2018-03/medium/1520219612_f4bf3e1c81903a459c56b274e7a4c021_resize_w_520_h_.jpeg)
5-6 наурызда Атырау, Батыс-Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша күндізгі ауа температурасының 0+7 C-қа қысқа мерзімді жоғарылауы, жауын-шашынның (қар, жаңбыр), кей жерлерде қатты түсуіне байланысты жазық аудандарда қардың еріп, еріген қар ағыны пайда болуы мүмкін.
6-7 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), күндіз 6 наурызда кей жерлерде қатты жауын-шашын болады. Кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, күндіз 6 наурызда, 7 наурызда тәулік бойы кей жерлерде 30 м/с. Ауа температурасы күндіз 6 наурызда 0+5 градус жылынады.
5-ші наурызда тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с жетеді.
5-7 наурызда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары бойынша жауын-жашын мол түседі. Осыған байланысты, мұздық құбылыстардың әлсіреуі, жазықтық жерлерде еріген ағынның және таулы өзендерде су молаюы мүмкін.