Алдағы күндері аяз болады
Синоптиктер 18-20 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері жауын-шашынсыз, аязды ауа райы болады. "Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде Сібір антициклонының оңтүстік-шығыс шеті басым болады. Соның әсерінен ауа райы әсіресе жауын-шашынсыз, бірақ тұманмен күтіледі. Тропосфералық ағындар бағытының өзгеруіне байланысты, орташа көпжылдық мәнге жақын қысқа мерзімді ауа температурасының жоғарылауы күтіледі", - деп хабарлады "Қазгидромет" өкілдері. "19 қаңтарға ҚР бойынша ауа температурасы: - Батыста түнгі температурасы 10-15 градус аяз, кей жерлерде 20-25 аяз, күндіз 0-5, кей жерлерде 8-13 градус аяз. - Солтүстікте түнгі температурасы 15-29 градус аяз, күндіз 8-17 аяз күтіледі. - Қазақстанның орталықта түнде 13-18, кей жерлерде 23-28 градус аяз күтіледі. Күнгі температурасы 7-12, кей жерлерде 16 градус аяз болуы мүмкін. - Шығыс аймақтарда түнде 18-23, кей жерлерде 30-35 градус аяз болады, күндіз 10-15, кей жерлерде 20-25 аяз. - Оңтүстік аймақтарда түнгі ауа температурасы 5-10, кей жерлерде 17-22 градус аяз болады, күндіз 2-7, кей жерлерде 5-10 градус аяз болады. 19 қаңтарда Астанада көшпелі бұлт және жауын-шашынсыз ауа-райы күтілуде. Шығысқа бағатың жел 5-10 м / с. Түнде ауа температурасы 20-22 градус аяз, күндіз 13-15 градус нөлден төмен. Алматыда 19 қаңтарда бұлтты, кей жерлерде жауын-шашынсыз, кейде тұман күтіледі. Жел 0-5 м / с. Түнде ауа температурасы 7-9 градус аяз, күндіз 0, минус 2 градус болады", - делінген хабарламада. Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда 2-3 күн қатарынан қар жауып, қардың биіктігі 33 сантиметрге жеткені хабарланған еді. Осыған байланысты соңғы күндері жолдарға 4 544 тонна мұзға қарсы қоспа материалдар себілген болатын.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstanda-aldagyi-kunder-ayaz-boladyi-286400/