Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Сот кабинеті» сервисі жетілдірілуде

«Сот кабинеті» сервисі жетілдірілуде

2014 жылы «Сот кабинеті» электрондық жобасы іске қосылды. Оны Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты www.sud.kz ресми сайтында онлайн сервистерге және сот органдарының қызмет көрсетулеріне қолжетімділіктің жалғыз терезесі ретінде ашты.
«Сот кабинеті» – сот жүргізуді жеңілдетуге арналған. Сервисті іске қосқан сәттен бастап оның мүмкіндіктері жоғары бағаланды. Жүйе адвокаттар мен кәсіпкерлердің жұмысына көмектесуге, азаматтардың құқықтық мәдениетін жетілдіруге және өздерінің конституциялық құқықтарын қорғауға ыңғайлы. Оның қағаз түрінен ерекшелігі электрондық нысанда талап-арыздарды, сот хаттамасын, ескерту-арызды беруге, электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану мүмкіндігінде жатыр. Электрондық қадағалау іс жүргізуге пайдаланушыға ыңғайлы кез келген орындағы интернет желісі арқылы мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуге ыңғайлы.
Сервистегі «Сот ісін жүргізу» бөлімі азаматтық, қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізу құқығы бойынша кеңестерді қамтыған. Тәжірибесі жоқ пайдаланушыға заңдық кеңес алмай-ақ сервисті пайдалану мүмкіндігі ұсынылады. Құқықтың әрбір саласы бойынша электрондық қызмет көрсету қарастырылған.
«Менің істерім» деген бөлімде пайдаланушы жіберген электрондық арыздар туралы ақпаратты ала алады. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін апелляциялық және кассациялық сатылардағы мәліметті қарау оңай іске асырылған. Кез келген адам тиісті сілтемені басып, барлық сатыдағы істің тұтас процесін қарай алады.
«Сот кабинеті» сервисі біртіндеп қағаз құжат айналымынан бас тартуға, сонымен бірге, сотты электронды жүргізудің жаңа сатысына көшуге көмектеседі. Жаңарған сервис әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізуді жүзеге асыратын органның іс-әрекеттері, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша заңды күшіне енбеген қаулыларды қайта қарау туралы шағым мен талап-арыздар, «Талдау» форумы сияқты қосымша бөлімдерді қамтиды.
Сонымен бірге пайдаланушыларға хабарламаларды жіберу қызметі іске қосылды. Ол шығарылған сот актісі бойынша хат жібереді. Сот актісін PDF форматында көру үшін сілтеме жасайды. Хабарлама арқылы «Істерді қарау барысы» бөліміне ауысуға мүмкіндік бар. Осының нәтижесінде шығарылған барлық сот актілерін көруге және жазып алуға болады. Оның ішінде «Талдау» форумы туралы жеке айта кету керек, аталған бөлім істер санаттарының бірыңғай жіктегішін, материалдарды, сот практикасының қорытуларын және актілер дерекқорын, Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын пайдаланудың негізінде құрылды.
«Сот кабинеті» сервисін пайдаланушылар оның мүмкіндіктерін, адвокат, судья және сот мамандарының тиімді жұмыс істеуіне, азаматтардың құқықтық мәдениетінің артуына, өздерінің конституциялық құқықтарын қорғауына оң ықпал етіп отырғанын атап көрсетуде.
Сондай-ақ қызметті пайдаланушыларға атқару парақтарын, шағымдар мен өтініш-хаттарды ҚПК-нің 106 және 107-баптарына сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен электрондық түрде жіберуге мүмкіндік беретін бөлімдері ашылған. Сот актісіне шағым беру мерзімі және сот органдарынан шығатын ресми құжаттарына апостиль қою жөніндегі қызмет іске қосылған. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмайды. Сот ісін жүргізу процесін оңтайландыру мен автоматтандыру бойынша ізденісті жалғастыра бермек.

А.ҚАЗЫБЕКОВ,
аудандық соттың бас маманы

30 қаңтар 2021 ж. 2 808 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930