Қазалы аудандық сотында студенттер үшін ашық есік күні өтті

Кездесу барысында сот төрағасы Д.Мұратбекұлы студенттерге Қазақстан Республикасының сот жүйесі туралы, дыбыс-бейне жүйесін пайдаланумен процестерін жүргізу, «Сот кабинеті»электрондық сервисі туралы түсіндірді.
Содан соң судья Г.Тиштикбаева студенттерге Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің кәмелеткетке толмағандардың және олардың заңды өкілдеріне қатысты баптарын түсіндірді, кәмелеткетке толмағандардың және олардың заңды өкілдерінің әкімшілік жауапкершіліктерімен тағайындалатын жазаларын нақты атап өтті.
Шара соңында студенттер үшін сот ғимаратына экскурсия ұйымдастырылып, олар медиация кабинетінде, судьялар мен сот қызметкерлерінің қызметтік бөлмелерінде және сот отырысы залдарында болды.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі