Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот жүйесіндегі соңғы жаңалықтар

Сот жүйесіндегі соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздігіміздің арқасында сот жүйесі күн сайын қарқынды дамып, заманның талабына сай жаңа бір жетістіктермен толығып келеді. Оның үстіне Ұлт көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі сот жүйесінің дамуына ерекше ықылас танытып, әрқашан қолдау көрсетуде. Оның дәлелі, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына ұсынған өркениеттілік пен дамудың даңғыл жолына бастайтын Ұлт жоспарында реформалық игі істерде басымдыққа ие салалардың бірі –сот жүйесін жетілдіру мәселесі 16 мен 27-ші қадамдарда нақты айтылады. Ел егемендігін алған санаулы жылдар ішінде сот жүйесінде талай өзгерістер орын алып, бірқатар заңдар қайта қабылданып, техникалық база нығайтылды. Бүгінде сот жүйесі де жаһандану көшінен қалмай, әлемдік талаптарға сай реформалануда.
Қазақстан Республикасы судьяларының VІ съезінде, Елбасымен берілген тапсырмалардың бірі - сот құрылысын жетілдіру, сот төрелігінің ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету, сот жүйесінің жұмысына қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды кеңінен енгізу болатын.
Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасының барлық соттарыда «Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Сот кабинеті» сервисі, «Электронды шақыру қағазы», «Сот құжаттарымен танысу» сервисі, «SMS–хабарлама» сервисі, «Талдау» форумы, сот органдарымен байланысу CALL-орталығы, сенім телефоны, дыбыс-бейне жазатын құрылғылар, бейнеконференция арқылы сот төрелігін жүзеге асыру секілді жаңа ақпараттық технологиялар қызметке енгізілді.
Сот ісін жүргізуді қысқарту үшін сот органдарының онлайн сервистері мен қызметтеріне рұқсат беретін бірыңғай терезе «Сот кабинеті» жұмыс жасайды. «Сот кабинеті» арқылы азаматтар мен заңды тұлғалардың кез-келгені сотқа келіп әуре-сарсаңға түспей, ыңғайлы уақытта үйде немесе кеңседен шықпай-ақ онлайн режимде электронды түрде арыздарды, талап арыздырды беруге, шағымдар мен өтінішхаттарды жолдауға, сондай-ақ істің қаралу барысын бақылауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, «Сот кабинеті» электрондық сервисін ілгері дамыту және жаңарту мақсатында, мобильді құрылғы арқылы сот органдарымен берілетін, сервиске кіруге қамтамасыз етілетін «Сот кабинетінің мобильдік нұсқасы» қосымшасы әзірленді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және республика соттарының интернет-ресурстарында «Сот актілерімен танысу» және «Сот кабинеті» электрондық сервистік жүйелері енгізіліп қызмет көрсетуде. Екі сервиске Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының http://www.sud.kz ресми сайттары арқылы пайдалануға болады.
Сот саласында тағы бір жаңадан енгізілген технология ол бейнеконференцбайланыс жүйесі (видеоконференцсвязь). Қазақстан Республикасының әр аумағының сотталушылары қаладан ауданға жеткізілетін болса, қазіргі күні осы байланыс арқылы қашықтықта сот процесін жүргізуге, сұрақтар қоюға, жауаптар алуға мүмкіндік бар. Соның арқасында барлық соттармен тікелей байланысқа шығып, түрлі жиналыстар мен дөңгелек үстелдерге, семинар сабақтар мен тренингтерге қатысып, сот процестерін бақылау қазіргі таңда жүзеге асуда.
Елбасымыздың «Қазақстан-2050» бағдарламасын орындау мақсатында дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру үшін әлемдік стандарттарға сай болуымыз керек екеніміз анық. Соның алғы шартының бірі электронды басқару жүйесіне көшу. Электронды басқару жүйесінің елімізде қолданысқа енгізілгеніне көп уақыт өтпесе де, өз жемісін беруде. Нәтижесінде қарапайым халық уақыты мен қаражатын үнемдейді. ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының тапсырмасымен сот жүйесінде де бірнеше электронды сервистер енгізіліп, құжат айналымдары электронды түрде жүргізілуде. Электронды кезек алу, сот процесіне қатысушылардың ұялы телефондарына смс-хабарлама жіберу, электронды пошта арқылы автоматты хабарландыру жүйелері өз шешімін тапқан. Сот процесіне қатысушы азамат өзінің ұялы телефонына немесе электронды поштасына келіп түскен электронды хабарлама (SMS-хабарлама) арқылы өзіне тиісті процесс уақытын біле алады. Сонымен қатар, сот кеңселері қыз¬меткерлері пошталық хабарлан¬дырудан бас тартқан барлық электронды хабарламаларды көріп отыруға мүмкіндік алып отыр. Бұрын хабарлама почта арқылы жолданатын болса, қазіргі таңда заман жетістігіне орай санаулы минуттар ішінде кез келген процеске қатысушыны смс-хабарлама арқылы шақыруға мүмкіндігіміз бар. Қазіргі таңда Қазалы аудандық сотында 2 сот залы арнайы дыбыс-бейне жазу қондырғыларына қосылған. Әрбір сот отырысы дыбыс-бейне жазу арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ аудандық сотта ақпараттық-анықтамалық киоск ашылған. Осы киоск арқылы кез келген азамат қаралатын істер тізімін, сот актілерін, соттардың сенім телефондарын, төрағалардың азаматтарды қабылдау, ашық есік күндерін көре алады, төрағаларға блог арқылы сұрақтарын қоя алады.
Сонымен қатар, «Сот кабинеті» сервисі шеңберінде тіркелген пайдаланушылардың сотқа электронды сенімхат жіберулеріне мүмкіндік беретін «Электрондық сенімхат» қызметі әзірленді. Сенімхат электронды түрде қаралатын бір істің шегінде ғана беріледі, сенімхаттың қолдану мерзімі сот актісінің заңды күшіне енген және құжаттарды орындауға беру уақытымен шектелген. Сондай-ақ, «Электрондық сенімхат» қызметінде жоғарыда көрсетілген негіздермен қатар «Сенімхат қолданылуын тоқтату» функционалы да қарастырылған. Яғни азаматтар өзінің белгілі бір тұлғаға берген сенімхатының күшін кез - келген уақытта жоюға мүмкіндік жасалған.
Осы жылғы басты жаңа¬лық осы Жо¬ғар¬ғы соттың Ахуалдық орта¬лы¬¬ғының ашылуы. Ахуалдық орта¬лық¬тың жұмысы тәулік бойы рес¬пуб¬ликамыздағы соттардан келіп түскен көрсеткіштер бойынша ең маңызды деген сот ақпаратын жинақтауға және терең талдау жасауға мүмкіндік береді. Яғни, процестік мерзімді бақылау, аудио-бейне тіркеуді қолдану, сот процестерінің мерзімінде бас¬та¬луы тәрізді жұмыстар жасалады. Сот статистикасын жүргізуге де баса назар аударылған.
«Жүз нақты қадам» – бұл біздің жаһандық және ішкі сын-қатерлерге, сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда 30 дамыған мемлекеттің қатарына ену жөніндегі жоспарымыз. Ал реформаларды жүзеге асыру – алда тұрған 10-15 жылдағы бірінші кезекті жалпыұлттық міндет екендігін атап өткен Мемлекет басшысы елдің ішкі жағдайындағы сот саласы қызметін де жетілдіре түсу керектігіне ерекше көңіл бөлген.
Осы Ұлт жоспары аясында сот жүйесінің дамуына Қазалы аудандық сотының ұжымы да өз үлесін қосуда.
Бекхожа Құрманбекұлы МАХАМБЕТАЛИ
Қазалы аудандық сотының кеңсе меңгерушісі.

25 желтоқсан 2017 ж. 3 041 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031