Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы аудандық сотында құқықтық қызмет көрсету бұрышы ашылды

Қазалы аудандық сотында құқықтық қызмет көрсету бұрышы ашылды

Бүгін Қазалы аудандық сотында халыққа құқықтық қызмет көрсету бұрышы салтанатты түрде ашылды.
Іс-шараға аудандық соттың судьялары мен қызметкерлері, адвокаттар, медиаторлар және халыққа қызмет көрсету орталығының өкілі қатысты.
Жиналғандардың алдында сөз алған Қазалы аудандық сотының төрағасы Дидар Мұратбекұлы бұрыштың жергілікті халыққа құқықтық қолдау көрсету мақсатында ашылғанын, оның сот жүйесінің ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін, тараптардың арасындағы дауды сотқа дейін шешуге қол жеткізуге болатынын жеткізді.
Алдағы уақытта бұрышта халыққа құқықтық қызмет көрсету мақсатында ХҚКО-нің, медиаторлардың, адвокатура органдарының өкілдері күнделікті қызмет жасайтын болады.
Мұндай бұрыштардың ашылуы сот құжаттарын беру механизмін жеңілдетеді, халықтың уақыты мен қаражатын үнемдейді, бюрократиялық кедергілерді азайтады, сот қызметкерлерінің көпшілікпен сирек байланыс жасауға мүмкіндік туғыза отырып, бұқараны «Сот кабинеті» электрондық сервисі туралы ақпараттармен үздіксіз қамтамасыз етеді.
07 ақпан 2018 ж. 2 391 0

Көкем қайта келе ме?

20 тамыз 2025 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031