Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кезектен тыс ХХХІ конференция

Кезектен тыс ХХХІ конференция

Кеше Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығында "Nur Otan" партиясы Қазалы аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІ конференциясы өтті.

Конференцияны аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасы М.Н.Ергешбаев ашып, жүргізіп отырды. «Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық филиалының кезектен тыс XXXI конференциясына аудандық партия филиалының 27 бастауыш партия ұйымдарынан 54 делегат сайланып, қатысты.
Конференцияның күн тәртібіне төрт мәселе, партияның Қазалы ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын бекіту, Пікірсайыс қорытындылары бойынша кандидаттар үшін дауыс беру, Қазалы аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекіту және «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс XXVII конференциясына делегаттар сайлау туралы мәселелер ұсынылып, қаралды. Кезектен тыс конференция барысында делегаттардың тамашалауымен пікір сайыс өтіп, үміткерлер өз бағдарламаларын кеңінен таныстырды. Конференцияға делегаттар дебатқа түскен кандидаттарға өз қалаулары бойынша дауыс беріп, үздіктер дауыс нәтижелерімен анықталды.
Жиын соңында аудандық партия филиалының төрағасы Мұрат Нәлхожаұлы алдағы саяси науқанға қатысушыларға сәттілік тіледі.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
11 қараша 2020 ж. 1 062 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 130

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031