Ел аман, жұрт тыныш болсын

Ел тұтқасын ұстаған азаматтар короновирус пандемиясының алдын алу, таралуын болдырмау, халықты сақтандыру мақсатында тынбай әрекет етуде. Баршамызға үйден шықпауға, барынша сақтық шараларын сақтауға шақыруда. Бұл балаларымыздың, жақындарымыздың, ағайын-жегжаттың, туған-туыстардың, барша тілеулес жандардың амандығына, індеттен сақтануына бірден-бір кепіл болмақ.
Біз, Аналар алдымен елінің амандығын, Отанның тыныштығын, ұрпағының сау-саламатта өмір сүруін ойлаймыз. Сондықтан, барша жұртты сақтану талаптарын орындауға, аурудың таралуына жол бермеуге, үйден аса қажеттілік болмаса шыға бермеуге, өзін адам көп жиналатын жерлерге баруды барынша шектеуге шақырамын. Алла еліміздің амандығын берсін.
Ажаркүл АЛДАЖАРОВА,
Қазалы ауданының құрметті азаматы, еңбек ардагері