Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аналардың құшағы гүлге толды

Аналардың құшағы гүлге толды

Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен әйелдердің төл мерекесі баршамыз үшін қасиетті де қастерлі саналады. Сол себепті де аудан әкімі Мұрат Ергешбаев мейрам қарсаңында бір топ еңбек ардагері мен көпбалалы аналардың үйлерінде болып, атаулы күнмен құттықтады. Аудан басшысы алдымен Қазалы қаласының тұрғыны, 91 жастағы көп балалы ана Күлсан Исмайлованың шаңырағына ат басын бұрды.

– Бүгін сізді айтулы мерекемен құттықтауға келіп отырмыз. Алла деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, күш-қуат берсін! Сіздің өмір жолыңыз бәрімізге үлгі. Немерелеріңіз бен шөберелеріңіздің қызығын көріңіз! – деген аудан әкімі кейуананың иығына ақ жаулық жауып, сыйлық тапсырды. Күлсан әже мерекелік ыстық ықыласын білдірген аудан басшысына алғысын айтып, батасын берді.
Аудан әкімі бастаған топ мұнан кейін «Еңбек даңқы» орденінің иегері, Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесі алтын медалінің иегері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған Ажаркүл Алдажарова, тыл ардагері, «Алтын алқа» иегері, 91 жастағы Несіпжамал Смағұлова, “Күміс алқа” иегері Базаркүл Сейітнесіпова және 13 баланы дүниеге әкелген «Алтын алқа» иегері Сәлия Ахмедованың да шаңырағына барды. Әртүрлі салада ұзақ жылдар бойы еңбек еткен жандарға жылы лебізін арнап, сый-құрметін көрсетті.

* * *

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аудан әкімі Мұрат Ергешбаев перзентханадағы жас аналарды төл мерекесімен құттықтап, сый-сияпат жасады. Алдымен, аудан басшысы олардың жағдайын біліп, кішкентай сәбилердің болашағы жарқын, елдің ардақ тұтар азаматтары болсын деген тілегін жеткізді.

– Біз үшін ең бастысы, нәресте мен ана денсаулығының мықты болуы. Мереке күні дүниеге келген және келетін барлық сәби аман-сау болып, айтулы ел азаматы болып өсуіне тілектеспіз. Қазақтың саны көп болсын! – деді аудан басшысы.

Құшағы гүлге толған аналар аудан басшысы Мұрат Ергешбаев және онымен бірге мерекемен құттықтауға келген аудандық мәслихат хатшысы Күнтілес Назымбеков, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Жанат Көлановаға алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Айта кетейік, наурыз айының басынан бері аудандық орталық ауруханадағы перзентханада 8 ер бала, 10 қыз бала дүниеге келді.

Ж.АЙЫМҚҰЛОВ
12 наурыз 2019 ж. 2 218 0

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 42

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 57

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031