Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарттарым аман-саумысың

Қарттарым аман-саумысың

«Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалының қызметкерлері партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «Қарттарым аман саумысың» акциясы барысында тыл және еңбек ардагерлерімен кездесті. Аталған шара барысында аудандық партия филиалының консультанты Гүлдәрі Иманалиева мен сарапшысы Алтынай Кенжалиева Әйтеке би кентіндегі Жалдыбай жырау көшесі №2 үйде тұратын еңбек ардагері Ұлмекен Нағымова мен Қ.Сәтбаев көшесі №108 үйдің тұрғыны, тыл ардагері Барша Мухиованың отбасында болды. Тыл және еңбек ардагерлерінің хал-ахуалдарымен таныса келе, қарт аналардың өткенінен өнеге алатындай естеліктерін тыңдады. «Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, ізінен ерген ұрпағының санасына ұлылығының тәрбие нәрін егіп, бас-көз бола білетін қариялар азайып бара жатыр. Барымызды бағалап, жағдайымызды сұрап, елеп-ескеріп жатқандарыңызға рахмет. Қарттарына қамқорлық көрсетіп, ел бірлігін ойлап отырған Елбасына да, ақ жаулықты ана деп ардақтап жатқан сіздерге де рахмет»-деді Батыр ана Барша Мухиова.
Ардагерлердің тұрмыс-тіршілігін көріп, танысып, өтініш-тілегін тыңдаған нұротандықтар айтылған өтініштердің ескерусіз қалмайтынын, келешекте тиісті орындар арқылы шешілетінін жеткізді.
Асылзат СЕЙІЛ,
«Нұр Отан» партиясы аудандық
филиалының консультанты.
28 ақпан 2018 ж. 5 616 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 134

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 127

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 114

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 112

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 118

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 110

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031