Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәртіп пен тазалық байыпты бақыланады

Тәртіп пен тазалық байыпты бақыланады

Көктем шығысымен ауданымызда екі айлық санитарлық тазалық жұмыстары басталатыны белгілі. Бұл уақытта тұрғындар айналаны күл-қоқыстан тазартып, тал егу ісін қолға алады.
Аталған жұмыстарға байланысты аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Оған Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласында орналасқан барлық мекеме-кәсіпорындардың басшылары қатысты.
Тазалықтың адам өміріндегі маңыздылығына тоқталған Мұрат Нәлхожаұлы аудан тұрғындары мен мекеме-кәсіпорын ұжымдарын ортақ міндетке белсене араласып, көркейту-көгалдандыру шараларына біркісідей атсалысуға шақырды.
– Ауданда 7 наурыз бен 9 мамыр аралығы көктемгі санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандырудың екі айлығы болып жарияланды. Осыған орай Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы төрт аймаққа бөлініп, аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы жауапты болып бекітілді.
Әйтеке би кенті – ауданымыздың айнасы, оның айналасын үнемі таза ұстап отырудан баршамыз қалыс қалмағанымыз жөн.
Тазалық – әркімнің өз ауласынан, табалдырығынан басталады. Сондықтан әрбір тұрғын өз ауылын таза ұстауға, көркейтуге үлес қосуы тиіс. Біз көшелерді қанша сәндеп-жөндегенмен, қоқыстар пен үйлердің қоршауы жөнделіп, сырланбаса мұның бәрі бекер екені белгілі, – деген аудан басшысы барлық мекеме-кәсіпорындар мен кәсіпкерлік нысандардың иелері сенбі күнін күтіп отырмай, тазалық жүргізулері қажет екенін жеткізді.
Мұнан соң кент әкімі Қайрақбай Орынбасаров Әйтеке би кентіндегі тазалық жұмыстары бойынша атқарылған және алдағы жоспарлар жайын ортаға салды.
Кент әкімі аудан тұрғындары мен тазалыққа жауапты топтың мүшелеріне қоқыс тастаған немесе көшені бүлдіріп жатқан азаматтарды көрсе 8 775 717 72 56 WhatsApp нөміріне суретке түсіріп жіберуді ескертті. Фотосуретке байланысты кент қызметкерлері тұрғындарға заңдылыққа байланысты айыппұл салатын болады.
Басқосуда аудан әкімі аудандық полиция бөлімі, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, аудандық ішкі саясат бөлімі, жастар ресурстық орталығы, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, аудандық ветеринариялық станциясы мен кент әкіміне күн тәртібіндегі мәселеге байланысты тиісті жұмыстар атқаруды тапсырды.
«Абырой барлығымызға да ортақ. Сондықтан белгіленген аймақтарға ұжым болып ауызбіршілікпен шығып, тазалық жұмыстарын жүргізу – туған жерге деген перзенттік парызымыз», – деген Мұрат Нәлхожаұлы мәжілісті қорытындылады.
Ж.СОВЕТҰЛЫ
17 наурыз 2020 ж. 1 099 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 87

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930